14 Шілде, 2018
Барлығы сенің қолыңда!

Өмір – саған бұйырған ең үлкен сый. Оны сәтті немесе бірсарынды өткізу сенің қолыңда. Есіңде болсын, өмір бірсарындылықты жақтырмайды. Сондықтан, әрқашан даму үстінде бол!


«Барлығы сенің қолыңда» деп ұран тастауымызға негіз бар. Бүгінде мемлекет басшысы жастарға, жалпы кәсіп қыламын, өзімді дамытамын деген азаматтардың барлығына тамаша мүмкіндіктер жасап беруде. Егер сол мүмкіндіктерді сәтті пайдалана алсаң, сенің жетістікке жетуге деген құлшынысың артып, тұлғалық болмысың биіктей түспек.



Түптеп келгенде, адамның өзгеруге деген шешімі бір мезетте қабылданбайды. Оны әр азамат түбегейлі ойланып жасайды. Демек, сен ойланып, жақсы бағытқа бет алуға шешім қабылдауың қажет. Әйтпесе, бүгінгі даму көшінен кейіндеп қаласың.



Сөзіміздің тобықтай түйінін айтқанда, барлығы өз қолымызда, барлығы сенің қолыңда.


ruh.kz
Nurlybek Buhpin