5 Желтоқсан, 2019
«Бастау» кинофестивалі

Алматыда «Бастау» кинофестивалінің ашылуы өтті


3 желтоқсан күні Алматыда VIІI Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер фестивалінің баспасөз конференциясы өтті. Оған «Бастау» кинофестивалінің президенті Сергей Азимов, «Бастау» дебютар қазылар алқасының төрағасы, режиссер, сценарист, продюсер (Ресей) Михаил Сегал, театр және кино актрисасы (Ресей) Нелли Уварова, кинотанушы, «Листопад» ХКФ бағдарламалық директоры Игорь Сукманов, «Бастау» фестивалінің көркемдік жетекшісі Диана Ашимова, режиссер (Қазақстан) Шарипа Оразбаева, режиссер, студенттік қазылар алқасының төрағасы (Қазақстан) Әлішер Жәдігеров келіп, қатысты. 

7.jpg

Сол күні кешке «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Бастау» кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті. Кеш қонақтарын фестиваль президенті Сергей Азимов пен Т.К. Жүргенов атындағы Өнер академиясының ректоры Сәкен Майғазиев күтіп алды.

Рәсім барысында атақты кеңестік және грузиялық режиссер Иракли Квирикадзеге қазақ киносының дамуына қосқан үлесі үшін құрметті сыйлық берілді. Сыйлықты «Бастау» кинофестивалінің президенті Сергей Азимов ұсынды және ресми түрде сегізінші кинофестивальді жариялады.

Ресми рәсімнен кейін қазақстандық режиссер Шәрипа Оразбаеваның әлемнің бірнеше жетекші кинофестивалінде ұсынылған «Мариам» атты дебюттік картинасының фильм көрсетілімі өтті. Шоудан бұрын фильмнің режиссері фильммен қалай жұмыс жасағаны жайлы айтып барлық түсірілім тобына алғысын білдірді. Естеріңізге сала кетейік биыл фестивальдің форматы өзгерді. Алғаш рет дебюттік көркем фильмдер (10 картина) байқауға қатысады. Қысқа метражды фильмдер конкурсына 44 елдің, соның ішінде Қазақстаннан 360 өтінім келіп түсті. Іріктеу комиссиясы олардың ішінен 43 адамды іріктеді. Айта кету керек Т.К. Жүргенов атындағы өнер академия студенттерге шеберлік сабақтарын, сонымен қатар шығармашылық кездесулерді өткізеді.

Көрсетілімдер Bekmambetov Cinema (Абай даңғ.109 В, Globus ХКФ, 2-ші қабат) кинотеатрында өтеді. Кіру –тегін.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі