23 Мамыр, 2018
Батыс Қазақстан облысы: «Рухани жаңғыру» аясында 414 шара өткізуді жоспарлап отыр

Елбасы өткен жылдың көктемінде «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Батыс Қазақстан облысында былтырғы өткен 143 іс-шараның басым бөлігі жергілікті демеу­шілердің қолдауымен жүзе­ге асқан.


Соның ішінде «Қазақ­стан­ның жеті кереметі» турис­тік-өлкетану аймақтық экс­пе­дициясы, «Жас эколог­тар» мен «Менің елім – Қазақ­стан» рес­публикалық форумы, колледж студенттері арасында «Ру­хани жаңғыру – бола­шақ­тың кепілі» фестивалі, бала­лар мен жасөспірімдер ансам­бль­­­дері­нің шеруі, «Туған өлке News» аймақтық медиа-фо­румы, «Бі­лім. Туризм. Ин­­те­­грация» халықаралық ғылыми-практи­калық конференциясы өтті. «Атамекен» атты туған жердің қасиетін, кереметтерін насихаттайтын кіші бағ­дарлама бо­йынша бар­лығы 93 жоба тізі­лім­ге енген. Сол мақсаты нақытланған арнайы жобалардың 67-сі лайықты түрде, өз дәрежесінде мәреге жет­ті. «Әлеу­меттік бастамалар кар­­тасы» аясында жеке кәсіпкерлер тара­пы­нан 60 жоба жасалды. Сөйтіп, Ақсай қаласында спорт кешені, Бөр­ілі ауданында балабақша­лар, Қазталов ауданында 12 млн тең­геге ашық аспан астындағы музей бой көтерді. Міне, батыс аймақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы көлемінде халықтың әл-ауқатын көтеру және салауатты өмір салтын сақтау бағыттарында осындай орасан зор тірліктер атқарып жатыр.



«Рухани қазына» кіші бағ­дар­ламасы бойынша өңірде Қазақ­стан бойынша алғаш рет Батыс Қазақстан облысында «Руха­ни жаңғыру» музейі ашылды. Сонымен қатар, облыс аудандарына экспедиция жүргізу арқылы Қазақстанның виртуалды картасы үшін қасиетті нысандардың GPS координаттары анықталып, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығына берілді. Енді аталған карта бойынша аймаққа келген туристер аралайтын нүктелерін электронды түрде анықтайды. Сондай-ақ, виртуалды карта арқылы аймақтың кез-келген тұрғыны республика көлеміндегі мұражайларға саяхат жасай алады.



Үстіміздегі жылда бағдарлама аясында облыс басшылығы 414 іс-шараны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл жобалар да негізінен демеушілер есебінен жүзеге аспақ. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша 88 іс-шараға 60 мыңға жуық адам тартылады. «Ұлы Жібек жолы – ұлы достық жолы» атты Орал-Сарайшық-Атырау-Пятигорск бағытымен халықаралық тарихи экспедиция жолға шығады. Көш барысында облыс территориясындағы қасиетті орындар, киелі мекендер, ерекше ескерткіштер жолаушылардың назарына ұсынылмақ.



Ұлттық кодымызды сақтау­дың бір жолы ретінде Батыс Қазақстан облысында көмейінен күй төгетін, қос ішекті, тоғыз пернелі, бір шанақты ұлттық аспапты кеңінен насихаттау қолға алынды. Дәулеткерей туған өлкенің азаматтарының аталған бастамасы ұлттық өнерді жандандыруға жасалған нық адысдардың бірегейі. Мектептерде домбыра үйірмелері ашылып, үзілістік қоңырау орнына күй әуені ойнатылады. Мамыр айының екінші онкүндігінде «Домбыра күнін» өткізу жоспарланған. 



Облыс көлемінде меценаттардың көме­гімен жалпы мөлшері 247 жоба атқарыл­мақ. Олардың ішінде ауыл­дық мәде­ниет үйі, сауықтыру кешені, таза ауыз сумен қамту жүйесі секілді ірі жобалар да бар. Осындай үлкен жобалардың бірі ретінде келесі жағдайды ерекше атап өтуге болады. Шың­ғырлау өзенінен өтетін кө­пір құрылысын кәсіпкер Мир­бо­лат Тасмағамбетов өз қаражатынан салып, ауыл­дастарына сыйлап үлгерді.



Республикалық жалпыұлт­тық қасиетті нысандары қата­ры­на кірген орта­ғасырлық Жа­йық қалашығы, Бөкей ордасы тарихи-музей кешені, Алаш музейі, Тақсай обалар кешені, Жұ­ма­ға­зы хазірет, ақын, қоғам қай­рат­кері Ғұмар Қараш пен күй­ші-ком­по­зи­тор Дәулеткерей кес­ене­лері­не ерекше назар аудары­лып, кө­ңіл бөлінетін болады. Сы­рым ауданындағы Алаш музе­йі күр­­делі жөндеуден өтті. Дауылпаз ақын, қоғам қайраткері, ұлт жанашыры Ғұмар Қ­а­раш­­тың басына кесене тұрғы­зыл­мақ. Жайық қалашығы аума­ғы­на ортағасырлық стильде кіре­бе­ріс қақпа орнатылады. Бұл со­ңғы аталған жұмыстар де­меу­ші­л­ер­дің көмегімен жүзеге асы­рылмақ.



 


ruh.kz
www.inform.kz