30 Қыркүйек, 2020
Байланысу әдістері туралы не білесіз?

Ақпаратты пошта немесе телефон, жеке сұхбат арқылы немесе онлайн жинауға болады. Әр байланыс әдісінің өзіндік күшті және осал тұсы бар.

Пошта, телефон және жеке сұхбат. Пошта сауалнамасын қолдану арқылы жауап берушілерге аз шығын жұмсап, төмен бағамен үлкен көлемде ақпарат жинауға болады. Олар сауалнамаға жеке сұхбатта немесе телефон арқылы жауап берушілерге қарағанда анағұрлым мол жауап бере алады. Сондай-ақ респонденттердің жауабына жауап алушылардың қатысы болмайды. Алайда пошта сауалнамасы аса икемді емес, респонденттердің барлығы бірдей сұрақтарға белгіленген тәртіппен жауап береді. Пошта сауалнамасын толтыруға әдетте көп уақыт керек және жауап беру жылдамдығы төмен болады. Нәтижесінде маркетологтардың көбі қазір жылдам, икемді және арзан электрондық поштаға, онлайн және мобайл телефонға ауысуда.

Apple-iPhone-X-Gold-General-1.jpg

Телефон арқылы сұхбат – ақпарат жинаудың ең жақсы әдістерінің бірі және ол пошта сауалнамасымен салыстырғанда икемдірек. Сұхбат алушы күрделі сұрақтарды түсіндіре алады және алынған жауаптарға байланысты кейбір сұрақтарды өткізіп жібереді немесе басқаларына көбірек мән беріп сұрауы мүмкін. Жауап беру деңгейі пошта сауалнамасымен салыстырғанда жоғары болады, ал сұхбат алушылар респонденттерге қажет сипаттамасы бойынша сұрақ қоюы мүмкін, тіпті оларды атымен атауы да ғажап емес.

Дегенмен телефон арқылы сұхбат жүргізгенде бір респондентке жұмсалған шығын пошта, онлайн немесе мобайл сауалнамаға қарағанда жоғары. Сонымен қатар адамдар сұхбат алушымен жеке басына қатысты сұрақтарды талқылауды қаламауы мүмкін. Әдіске сұхбат алушының өзіндік сұрақ қою ерекшеліктері – сөйлеу мәнері, сұрақ қою жолы және жауап берушінің жауаптарына ықпал етуі басқа да келіспеушіліктер тудыруы ықтимал. Соңында, қазіргі қоңырау шалып мазалауға болмайтындар тізімі мен жарнамаға қарсы тұтынушылар заманында сауалнамаға қатысқан респонденттер телефонмен әңгімелесуден гөрі тұтқаны қоя салуды жөн көреді.

change-iphone-ringtone-format-1.jpg

Тікелей сұхбат алудың екі түрі бар: жеке сұхбат және топтық сұхбат. Тікелей сұхбат үйлерді немесе кеңселерді аралап, көшеде немесе сауда орталықтарында адамдармен сөйлесу арқылы жүргізіледі. Мұндай сұхбат икемді. Арнайы дайындалған сұхбат алушылар интервью жүргізеді, қиын сұрақтарды түсіндіреді және қажет болса мәселелерді зерттейді. Олар субъектілер үшін маңызды нақты өнімдерді, қаптамаларды, жарнама мен видео көрсетіп, реакциясы мен мінез-құлқын қадағалай алады. Дегенмен тікелей сұхбат бағасы телефонмен сұхбаттасудан үш-төрт есе қымбат болуы мүмкін.

Аружан Мырзатай
Ruh.kz
Фото: ашық дереккөздерден