29 Ақпан, 2020
Бебеу күй, бебеу күндер, бебеу ғұмыр (фоторепортаж)

Ақын Абай Ораздың тұңғыш жыр жинағы жарық көрді! 

Күйзелем болмаған соң жарам жеңіл, 

Сондықтан қамығады шабан көңіл.   

Мен едім шардараны шаңға көмген, 

Шабдар тай тақымдаған шабандоз ұл.

15.jpg

Сүрініп боз жусанға боз даланың, 

Естимін құлынымның боздағы әнін. 

Талай жұрт тамда отырып тіксінеді, 

Түсінбей бұ тірлігін бозбаланың.

Бебеу жыр жинағы.jpg

Бозарса құланиек құла қырда, 

Желиді жарау аттай күн адырға. 

Абай Ораз.jpg 

Өтімді тілгендей боп түн самалы, 

Өңешті қамыққан жыр тұмшалады. 

Абай Ораз.jpg

Құзғындар қалықтаса құла дүзде, 

Жылқылар иесіне мұң шағады. 

Жазушылар үйі.jpg

Қомдаса қос қанатын бала қыран, 

Шал-уақыт күй төгеді шанағынан. 

Ерік Нарын, Сұлтан Мұстафин, Наурызбек Саршаев.jpg

Ағады еріксізден бұла жасым, 

Жеткенде қарақшыға қара құнан. 

Дәулеткерей Кәп.jpg

Тай міндім. Шабандозбын. 

Жылқышымын. 

Түйгендей торығамын жылқы сырын.  

Жырыңды жатқа оқышы жылқы жайлы, 

Баласы жолыққанда жылқышының. 

Нұр-Сұлтандағы жазушылар үйі.jpg

Сұлтан Мұстафин
Ruh.kz