10 Қазан, 2019
«Белгісіз Мәмбеев» (фоторепортаж)

Суретшінің қылқаламынан шыққан туындылар Қазақстанға ғана емес, басқа елдерге де танымал. Оның «Тауда» атты туындысы Мәскеудегі Шығыс халықтарының өнер мұражайында және «Киіз үй» туындысы Третьяков галереясының жеке жинағына енген. Оның салған суреттері шынайы бейнеленіп, көрермендерді өзіне баурап алады.


0Z9A5133 (1).jpg

4 қазанда күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстанның халық суретшісі Сабыр Мәмбеевтің туындыларына ұйымдастырылған «Белгісіз Мәмбеев» атты жеке көрмесі ашылды.

0Z9A5125.jpg

Көрмеге С. Мәмбеевтің шығармашылық жолындағы 70-ке жуық кескіндемелік туындысы қойылды. 

0Z9A5128.jpg

Белгілі кескіндемеші Сабыр Әбдірәсілұлы – қазақ бейнелеу өнерінің мақтанышы. Небәрі 28 жасында Қазақ ССР Суретшілер одағының төрағасы болып сайланып, осы одақты 25 жыл басқарған.

0Z9A5129.jpg

 Сабыр Мәмбеев Алматыдағы Н. Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірген соң Ленинградтағы И.Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтынан білім алған. 

0Z9A5110.jpg

Суретшінің қылқаламынан шыққан туындылар Қазақстанға ғана емес, басқа елдерге де танымал.

0Z9A5121.jpg

 Оның «Тауда» атты туындысы Мәскеудегі Шығыс халықтарының өнер мұражайында және «Киіз үй» туындысы Третьяков галереясының жеке жинағына енген.

0Z9A5162.jpg

 Оның салған суреттері шынайы бейнеленіп, көрермендерді өзіне баурап алады. 

0Z9A5123.jpg

Сонымен қатар Сабыр Мәмбеев – қоғам қайраткері. Осы кісінің басшылығымен облыс орталықтарында суретшілер мен мүсіншілерге арналған шеберханалар, музейлер мен көрме залдар ашылды.

0Z9A5154.jpg

 Қазақстанның алты қаласында Суретшілер үйі салынды.

0Z9A5163.jpg

 Сонымет қатар Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі мен Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының ашылуына белсене қатысты. 

0Z9A5109 (1).jpg

Өнер жолында абыройлы болды. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан халық суретшісі атағы берілді. «Құрмет белгісі» орденімен, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Халықтар достығы» және «Парасат» орденімен марапатталған.

Ruh.kz
Фото - Джамиля Мурзабекова