22 Қазан, 2018
Білімнің күші бәрінен басым!

Қазақта «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген керемет сөз бар. Астарына үңілсең мүйізі қарағайдай философтардың пікірі іспетті.


Білім – адамның серігі, күші, адамдығының айнасы. Білімді адам ғана төртінші индустриялық революция заманында күн көрмек.



Білім жию дүние жинаудан әлдеқайда қиынырақ. Дүние жинау үшін асыл сезім, биік сана аса қажет бола қоймайды. Бірақ, білім жолында адамның шын мәнісінде адам болуы үлкен рөл ойнайды.



Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – қорқынышты білім» дегенге саятын пікірі жоғарыда айтқан тұжырымымызға нақты дәлел.



Білімді адам – кемел адам. Білімді адам – күшті адам. Білімді адам – билікті адам. Ғалам білімділердің иелігінде. Демек, білім – күш!


ruh.kz
Nurlybek Buhpin