27 Қараша, 2019
«Бір күн жүйесі@.kz»

2019 жылы 26 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімі Ертіс аудандық орталық кітапханасында «Бір күн жүйесі@.kz» атты networking өткізді.


2019 жылы 26 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімі Ертіс аудандық орталық кітапханасында «Бір күн жүйесі@.kz» атты networking өткізді. Кітапхана фойесінде аудан қолөнершілерінің көрмесі ұсынылды. 

78925616_529367167795501_6465191425737752576_o.jpg

Семинарды Ертіс ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Жаңбырбай Сағынаев ашып, Ертіс ауданында іске асқан жобалар туралы айтып шықты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің басшысы Нурия Кубенова, бағдарламаның басым бағыттары және арнайы жобалармен тиімді жұмыс жасау жолдарын түсіндіріп, алдағы атқаратын жұмыстарды атап өтті.

Семинарға аудандық, ауылдық округ әкімшілігінің мамандары, білім және мәдениет саласының өкілдері қатысты.

Networking секциялық жұмыстармен жалғасын тапты. Бірінші секцияда бөлім маманы Оксана Петрович іс-шара паспорттары туралы айтса, екінші секцияда Динара Мусабаева мен Данара Қабыкен баспасөз парақтары және БАҚ бойынша кестені толтыруды түсіндірді. Семинар барысында бөлім мамандары қойылған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара соңында барлық қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, естелік фотоға түсті. 

78925616_529367167795501_6465191425737752576_o.jpg

Семинарды өткізуге қолдау көрсеткен Ертіс ауданы әкімдігі мен Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алтынай Тлеуоваға алғысымызды білдіреміз. Осындай кездесулер өз нәтижесін беретініне сеніміміз мол.

Сонымен қатар Ертіс ауданының Панфилов жалпы орта білім беру мектебінде «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. Ашылу салтанатына Ертіс ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Жаңбырбай Сағынаев, мектеп директоры Дархан Абдраев және зиялы қауым өкілдері қатысты. Жаңбырбай Сағынаев ұстаздар мен оқушыларды «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылуымен құттықтады. 

78228286_529373107794907_3372034147563339776_o.jpg

«Рухани жаңғыру» кабинеті оқу орнымыздың даму тарихын, тарихи және мәдени естеліктерін сақтау мен оқушылардың ұлттық мақтанышын қалыптастыру, сондай-ақ, патриоттық тәрбие беру мақсатында құрылып отыр», - деді Жаңбырбай Сағынаев.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің басшысы Нурия Кубенова кабинеттің ашылуымен құттықтап, рухани жаңғырудың мән-мағынасын, жастарымызға дұрыс жол таңдауға, болашағын дұрыс айқындауға көмектесетін орталық болатынына сенімін білдірді.

Оқушылар Ертіс-Баян өңірінің киелі жерлер картасы мен қазақ әліпбиінің шығу тарихы, сондай-ақ, ұлт мақтаныштарынан бастап бүгінгі күннің 100 жаңа есімі де атап көрсетілген стендтермен таныстырып өтті. Бұл кабинет жастарды таңбалы тарихымен танысып, таным көкжиегін кеңейтуге жол ашпақ.

Панфилов жалпы орта білім беру мектебінің директоры Дархан Абдраев:

«Алдағы уақытта бұл кабинет бізге оқушыларымыздың білімін, тәрбиесін, рухани жаңғыруын және қазағымыздың салт дәстүрін дәріптеуде негізгі мақсат болады деп ойлаймын».

Болашақта «Рухани жаңғыру» кабинеті пән сабақтарын өткізетін орын ғана емес, тағылымды тәрбие беретін мекенге айналады. Шара соңы әсем әнге ұласты.

Сонымен қатар Teacher office кабинетінің ашылу салтанатының куәсі болып қайттық. Лента қию рәсімін Ертіс ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Жаңбырбай Сағынаев пен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің басшысы Нурия Кубенова өткізді. Кабинет компьютерлік техникалармен, заманауи жиһаздармен жабдықталған. Жаңа форматтағы кабинет мұғалімдерге жұмыс жасау үшін қолайлы орын болмақ.

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі