3 Тамыз, 2019
БІРГЕ - таза ҚАЗАҚСТАН

«Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық сенбілігі: "Қазконтент" АҚ ұжымы елордамыздың Нұра-Есіл арнасының жағалауларын тазарту жұмыстарына қатысты.

Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің бастамасымен «Бірге Таза Қазақстан» акциясы ағымдағы жылы  бастауын алған болатын.

0Z9A0276.jpg

Аталмыш акция еліміздің экологиясын жақсартуға арналған. 


0Z9A0474.jpg

Бұл шараға еліміздің  әр өңірінің еріктілері, қоғам белсенділері және жастар ұйымы білек сыбана кірісті. 


0Z9A0367.jpg

"Таза Қазақстан" акциясының басты мақсаты - Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікті сезіндіру және туған жеріміздің экологиясын сақтап қалу.

0Z9A0438.jpg

Ел жастарының әлеуметтік белсенділігі жыл санап артып келеді. Соның дәлелі еліміздің қалаларында, облыс және аудан орталықтарында экологиялық акцияның қолдау тауып жатқаны. 



0Z9A0598.JPG

Еске сала кетейік, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 2019 жылғы 20 шілдеде Қоянды су қоймасындағы «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясын бастаған болатын. 


0Z9A0645.JPG


"Бірлік бар жерде тірлік бар", қазағымның нақыл сөзі өз актуалдігін уақыт өтсе де жоғалатпайтынын бүгін тағы да дәлелдеді. 



Ruh.kz
Мурзабекова Джамиля, Ruh.kz