13 Қазан, 2017
БҚМУ аға оқытушысы: Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиіне көшуді ұжыммен қолдаймыз

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары латын әліпбиіне көшуді қолдайды.



«Латын графикасындағы қазақ әліпбиі біраз саланың жұмысын жеңілдетеді», – дейді олар. Әсіресе ақпараттық жүйе тілі жаппай қолданысқа енеді. Олардың пікірінше, ғылыми принциптерге негізделіп, стандартқа сай жасалған әліпби – уақыт талабы.



Майраш Сәбитбекова, М.Оспанов атындағы БҚМУ аға оқытушысы: 



- Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиіне көшуді ұжыммен қолдаймыз. Біздің қазақ тілінің өзіндік фонетикалық және сингормониялық  ерекшелігі бар, соларды латын әріптерімен беру өте ыңғайлы. Латын қарпті негізінде жасалған қазақ әліпбиін қабылдау біздің мәдениетімізді, дәстүрімізді әлемдік деңгейде таныстыруға өзіндік ықпалын етеді.



 


24.kz
24.kz