12 Шілде, 2018
Болашағыңа балта шабуға жол берме!

Болашақ бүгіннен басталады. Бұл – бұлжымайтын қағида. Жас кезіңнен болашағыңның іргетасын берік қаламасаң, уақыт өте келе істеген істеріңінің барлығы өрге баспауы мүмкін. Демек, жас кезіңдегі жігер-қайратыңды іске қосып, келешегіңе капитал жина.


Болашақтың бұлыңғыр болуы неден басталады? Оның кінәсін ешкімге аудара салуға әсте болмайды. Келеңсіздік орын алса, ол - өз қателігіңнің жемісі.



Еріншектің ертеңі бітпес. Ойға алған жоспарды мақсатқа айналдырып, оны нақты қадамдар арқылы жүзеге асыруды бүгіннен, жоқ, дәл қазіргі сәттен баста! Міне, сол кезде болашағың жарқын, өзің өмірде дара әрі даңғыл жолын тапқан тұлғаға айналасың.



Болашағыңа балта шабатын қасиеттер – жалқаулық, көреалмаушылық, өсек пен өтірік. Егер бойыңнан осынау бір жағымсыз қасиеттерді байқасаң, жылдам арада арылуға тырыс.



Өз келешегіңе кедергі жасама!


ruh.kz
Nurlybek Buhpin