3 Шілде, 2018
Босқа отырмай, әрекет ет!

Жалқаулық, еріншектік – бүгінгі қоғамда адам бойында болмауы тиіс қасиеттер. Әрбір күн- жаңаша мүмкіндік. Әрбір сәт – кіріс жасауға таптырмас уақыт. Минутымыз маңызды, сағатымыз санаулы болуы шарт.


 Уағында хакім Абай «Есектің артын жусаң да, мал тап» деген тәмсіл қалдырған екен. Одан бері жүз жылдан аса уақыт өтті. Бірақ ұлы ақынның ұлы сөзі әлі күнге өз күшін жоймаған тамаша тәмсіл ретінде жалғасып келеді. Көктен тілеп, үйде аяқты керіп қойып жатар болсақ, болашақтың бұлыңғыр боларына әбден кепілдік беруге болады.



Өзіңді рухани дамыту, материалдық әлеуетіңді арттыру секілді бұлжымас қағидаттарды қатардан қалмай орындап, бәсекеге қабілеттілік деңгейін ұлғайтуымыз керек. Сондықтан, бос отыру – болашағыңа балта шабу.



«Еңбектің наны тәтті». Ендеше құр уақыт өткізбей, еңбек ет, қызмет қыл!


ruh.kz
Nurlybek Buhpin