28 Қаңтар, 2020
«Қазақстанның 100 жаңа есімі». Чавкина Ольга

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы жайлы бірер сөз 

Суретші, Өскемен қаласындағы «Perfomance» арт-студиясының жетекшісі, заманауи көрмелердің ұйымдастырушысы және қатысушысы.

Ольга әртүрлі республикалық, облыстық және қалалық шығармашылық байқаулардың қатысушысы және жеңімпазы. Алты ай ішінде ол барлық өнерге шексіз ғашық жандарға, соның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен топтарға шығармашылық тегін сабақта өткізді.

Осылайша, бүгінгі күнге дейін сәтті жұмыс істеп келе жатқан «Perfomance» арт-студиясы құрылды, студияда балалар мен ересектерге арналған сабақтар өткізіледі, сондай-ақ жағдайы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары үшін студия есігі әрқашан да ашық. Бұдан бөлек, студия жетім балаларға арналған тегін семинарлар өткізу, табиғатты, қалалық саябақтарды абаттандыру және тазарту сынды волонтерлік жұмыстарды да жүргізеді.

Ruh.kz
Фото: Джамиля Мурзабекова