3 Желтоқсан, 2020
Данияр Елеусінов IBF рейтингінің ТОП-10 тізіміне енді

Әуесқой бокстан спорт шебері Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) титулды кездесуіндегі жеңісінен кейін IBF рейтингінің ТОП-10 тізіміне кірді.

Спортшы аталмыш рейтинг тізімінде (66,68 келіге дейін) тоғызыншы орынға жайғасты. Дивизион чемпионы – америкалық Эролл Спенс, ал рейтинг көшбасшысы – өзбекстандық Кудратилло Абдукахоров.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшының соңғы жекпе-жегі 28 қараша күні Голливудтағы бокс кешенінде өтті. Данияр Елеусінов бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонгоны (23-4, 12 КО) жеңді. Ол қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, IBF Intercontinental титулын иеленген еді.

Аружан Мырзатай
Ruh.kz
Фото: ашық дереккөздерден