15 Қазан, 2019
Daraboz 2019

Атырау облысында өткен 51 шақырымдық аламан бәйгеде қызылордалық сәйгүлік жеңіске жетті.

Атырауда V республикалық «Алтын тұлпар – Жайық жағасында» бәйгесінде ағылшын-араб тұқымдас «Қоянқасқа» мәре сызығын бірінші болып кесті. 

Дарабоз 2019

Турнирге Қазақстанның 12 облысынан келген 40 үздік ат мен шабандоз қатысты. Турнир аясында 7, 12, 25 және 51 шақырымдық қашықтықта төрт айналым өткізілді. 

Дарабоз 2019

Бәйгенің 10 миллион теңгелік бас жүлдесін шабандоз Ғалымнұр Ноғайбек, жаттықтырушы Қуат Абсалямов және ат иесі – Бердібек Мыханов иеленді. 

Дарабоз 2019

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтарды «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Оспанқұлов, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының хатшысы Нұрсұлтан Ибрагимов табыс етті. 

Дарабоз 2019

«Бұған дейін, «Алтын тұлпар» турнирінде оза шауып, жеңіске жеткен 4 жүлдегер де қазақстандық тұқымнан шыққан жылқылар еді. Ал, бұл жолы жеңіс пен жүлдегерлер тек «шетелдік» арғымақтар болды. Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймын», - деді ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының хатшысы Нұрсұлтан Ибрагимов.

Дарабоз 2019          

Атырау облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі