17 Сәуір, 2018
Дарынды балалар бас қосты

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Отаным – тағдырым» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қостанай қаласының №10 орта мектебінде «Болашақ елдің тірегі – рухы асқақ зияткер қалыптастыру» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Басқосудың мақсаты – дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың зияткерлік әлеуетін көтеруге ықпал ететін жағдай жасай отырып, ғылыми және жобалау іс-әрекетіне баулу, заманауи ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту болған.  


Аталмыш іс-шараны Қостанай қаласы білім бөлімі мен «Дарын» дарынды балалармен жұмыс жөніндегі қалалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Конференцияға Қостанай қаласы мектептерінің 1-11 сынып оқушылары арасынан 75 оқушы қатысты. Шара пленарлық бөлім, секциялық жұмыс, жабылу салтанаты сынды үш бөлімнен тұрды. Пленарлық бөлімде өз ғылыми зерттеу нәтижелерімен Қостанай мемлекет педагогикалық университетінің тарих мамандығының үшінші курс студенті Ернар Жақсыбаев, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 «а» сынып оқушылары Архат Аркулов және Абылайхан Әділбек, Қостанай мемлекет педагогикалық университетінің информатика мамандығының екінші курс студенті Зере Сабит, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің химия мамандығының төртінші курс студенті Дмитрий Бурак және №10 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Марияш Шегенова бөлісті. 

Конференция қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, математика, информатика, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, биология, химия, ағылшын тілі, Жер және ғарыш туралы ғылым секциялары бойынша мемлекеттік тілде жұмыс істеді. Жиын барысында Қостанай қаласының оқушалыры Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы дөңгелек үстел аясында талқылады. Басқосуға 74 зерттеу жұмыстары ұсынылды. Қазылар алқасы жас категориясы бойынша 1-4 сынып оқушылары, 5-7 және 8-11 сынып оқушыларына жүлделі орындарды берді. Жүлделі орындарды 56 зерттеу жұмыстары иеленді, солардың ішінде бірінші орын алғандар 15, екінші 22 және үшінші орынды иеленгендер саны 19-ды құрады. 

 


ruh.kz
kagro.kz