13 Қараша, 2018
Дауыс беріп үлгер!

Қазақстанның «100 жаңа есімін» анықтауға сіздің дауысыңыз маңызды. Небәрі екі күн ғана қалды. Дауыс беріп үлгер!


«100 жаңа есім» бағытының екінші айналымының жеңімпаздарын анықтайтын уақыт жақындады. Анықтау үдерісі 3 турдан тұрды. 3-25 қазан аралығында өткен алғашқы турда өтінімдер қабылданды. Сайтқа барлығы 2388 өтінім келіп түскен.



25-қазан мен 2-қараша аралығында өткен екінші турда саралау комиссиясы жұмыс тобымен бірігіп, 200 үміткерді іріктеп алды.



3-тур – іріктелген 200 үміткердің арасынан дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтайтын айналым. Соңғы тур 2-қараша күні басталған. Қазір соңғы турдың бітуіне екі-ақ күн қалды. 3-тур 15-қараша күні аяқталады.



Саралау комиссиясы анықтаған 200 үміткердің барлығы сайтта орналастырылған. Сіз мына сілтеме арқылы кіріп, қалаған үміткерге дауыс бере аласыз: http://100esim.el.kz/kz">http://100esim.el.kz/kz.



Әрбір саладағы үміткерлердің 3-еуіне дауыс беру мүмкіндігіңіз бар. Барлығы 6 салаға жіктелгенін ескерсек, сіз тіркелген поштадан 18 дауыс бере аласыз.



Үміткерлер саны (қала бойынша):



Ақмола облысы: 7



Астана қаласы: 47



Алматы облысы: 6



Алматы қаласы: 33



ШҚО: 13



Павлодар облысы: 11



СҚО: 8



Қостанай облысы: 7



Қарағанды облысы: 16



Жамбыл облысы: 5



Шымкент қаласы: 4



Түркістан облысы: 4



Қызылорда облысы: 9



Ақтөбе облысы: 8



Маңғыстау облысы: 6



Атырау облысы: 7



БҚО: 9



Үміткерлер саны (аталымдар бойынша):



Қоғам: 67



Ғылым: 32



Медицина: 19



Бизнес: 27



Спорт: 28



Мәдениет: 27


ruh.kz
http://100esim.el.kz/kz