30 Қазан, 2020
Әдеби автобус акциясы өтті

Бүгін Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап оқып, рухани бай бол!» жобасы аясында «Әл-Фараби, Абай: рухани мұралардың тағылымы» тақырыбындағы «Кітап жолы-bookway» атты әдеби автобус акциясы өткізілді. 

Акция «Shymkent bus» ЖШС-нің №158 қоғамдық көлігінде өтті. Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының актері Шымырқұлов Еркінбек Өксікбайұлы Абай образын сомдап, әндерін орындап, ғибратты әңгімесін айтып, жолаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

123206067_969077773585395_6725534027242827175_o.jpg

Кітапхана қызметкерлері әл-Фараби және Абай әлеміне саяхат жасап, аталмыш тақырыпта түрлі викториналық сұрақтар қойып, кітапсүйер оқырмандарға сый-сияпат табыстады.

122301017_962512900908549_6313523874628173726_o.jpg

Айта кетейік, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы орталық саябақта «Кітап оқып, рухани бай болайық! атты жылжымалы кітап апталығы негізінде кітап көрмесін өткізген болатын. Шара барысында қала тұрғындары мен жастар қауымы кітапхана қорына жаңа түскен әдебиеттермен танысып, қызығушылық танытып, ұнаған кітаптарын үйге жаздырып алғандары да болды. Жылжымалы кітап қойылымы оқырмандар сұранысына сай болып, кітапханашылар тарапынан қосымша әр кітап бойынша қызықты мағлұматтар да берілді. Қала тұрғындары кітапхана қызметкерлеріне ризашылық сезімін білдірді.

Ruh.kz