9 Қазан, 2019
Диcкуссиялық алаң. Тақырып пен спикерлер

«Мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуы» атты диалог алаңы «Мемлекеттік шешімдерді қабылдау, қоғамдық пікірді сұрау есебімен мүдделі тараптармен ашық талқылау процесінде азаматтардың, қоғамдық және мемлекеттік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуы» зерттеу жобасы аясында жүзеге асуда.

Бүгін Елордада қоғамдық және ғылыми-зерттеу құрылымдарының сарапшылары, соның ішінде Қазақстан Республикасының адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың өкілдері, мемлекеттік органдардың, ғылыми және шығармашылық интелегенция өкілдері, танымал қоғам қайраткерлері, қоғамдық және мемлекеттік емес ұйымдар, блогерлер мен журналистер бас қосып, азаматтардың, қоғамдық және мемлекеттік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік шешімдерді қабылдау процесіне қатысу белсенділігін арттыру бойынша ұсыныстарға сараптық талқылау жүргізді. 

0Z9A5352.jpg

«Мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуы» атты диалог алаңы «Мемлекеттік шешімдерді қабылдау, қоғамдық пікірді сұрау есебімен мүдделі тараптармен ашық талқылау процесінде азаматтардың, қоғамдық және мемлекеттік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуы» зерттеу жобасы аясында жүзеге асуда.

Іс-шараның өтуін қолдап, ұйымдастырған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» болып табылады.

Аталған шараның алғы сөзін дискуссиялық алаңның модераторы – «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігі Басқармасының төрайымы Айгүл Соловьева бастап берді. Айгүл Соловьевадан басқа өзге спикерлер «Eurasian Expert Council» ҚҚ президенті Шыңғыс Лепсібаев, Қазақстанның Азаматтық Альянсының вице-президенті Гамал Түзелбаев, Қалатану орталығы жетекшісінің орынбасары Асхат Садуов аталған тақырып жөнінде өз баяндамаларын оқыды. Шыңғыс Серікұлы өз баяндамасында адам құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық құқықтардың призмасы арқылы азаматтық қоғамның қарым-қатынасын қарастырып өтті. Гамал Түзелбаев бюджеттік процестің тиімділігін қамтамасыз етудегі қоғамдық кеңестердің потенциалы туралы сөз қозғады. Асхат Садуов өз баяндамасын мемлекеттік шешімдерді қабылдау, олардың құқықтары мен міндеттері бойынша процеске қатысушы стейкхолдерларға арнады. 

ппп.jpg

Қазақстанның Азаматтық Альянсының вице-президенті Гамал Түзелбаев өз сөзінде: «Бұл диалогтық алаң азаматтарды мемлекеттік шешімдерге қатыстыруға байланыстыр болып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік органдармен азаматтық қоғамның қарым-қатынасын дамыту өте өзекті мәселе. Неге десеңіз, әлеуметтік саладағы мемлекеттік органдар көбінесе қоғамдық бірлестіктермен жұмыс істейді. Ал біз басқа да мемлекеттік органдар: экономика, туризм және т.б. салалардағы мемлекеттік органдарды осы азаматтармен, үкіметтік ұйымдармен азаматтық қарым-қатынасқа шақыруымыз керек. Олардың арасындағы арақашықтық азаюы қажет. Сол үшін біз бүгін эксперттерді шақырып, оларға қарым-қатынастың жақсы механизмін қарастыру талабын қойып отырмыз. Соны талқылап, осы жиынның нәтижесінде бірнеше ұсыныс білдіріп, өзара пікірлер алмасатын боламыз», - деді.

Сондай-ақ ол қоғамдық кеңестерді азаматтық қоғамның маңызды институтының бірі дей отырып, оларды әрбір әкімдіктердің, қорғаныс министрлігінен басқа министрліктердің барлығының жанында құрылғандығын айтты. Оның айтуынша, қоғамдық кеңестердің мақсаты азаматтарды мемлекеттік маңызы бар мәселелердің шешімдері қабылданып жатқан кезде солардың ой-пікірлерін қорғауға бағытталған. Гамал Түзелбаев сөзінің соңында қазіргі таңда қоғамдық кеңестерді өз деңгейінде жұмыс істемейтіндігі туралы айтты. Азаматтар мәселе бойынша ұсыныстар бермейді. Яғни ақпарат бармайды. Спикер сөзіне сенсек, алдағы уақыттарда қоғамдық кеңестердің мәртебесін көтеруге байланысты ұсыныстар білдіріліп, өзгерістер енгізіледі.

Жоғарыдағы атап өткен сарапшылардың өз баяндамаларында қозғаған мәселелерін негізге ала отырып дискуссиялық алаңға қорытынды жасалық: мемлекеттік шешімдерді қабылдау процесінде азаматтардың, қоғамдық және мемлекеттік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары қатысуының қазақстандық және халықаралық үздік тәжірибесі қорытындыланып, мемлекеттік шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыруда активациялау механизмдерін енгізу бойынша ұсыныстар жасалды.

Аружан Мырзатай
Ruh.kz
Фото: Джамиля Мурзабекова