1 Қараша, 2019
«Дон Карлос» операсы (фоторепортаж)

Спектакль өзінің ауқымдылығымен және ғаламаттығымен үлкен әсер қалдырды. Операда көрсетілген барлық тарихи оқиғалар арасында бәрібір де адами сезім бірінші орында қалды.


Қазақстан мәдениетінің өркендеуі – жай ғана айтылған сөз емес, тайға таңба басқандай нақты дерек. Дж.Вердидің іргелі «Дон Карлос» операсының ғаламат премьерасы бұған дәлел болды. 

photo5312394630257552460 (2).jpg

Жетістікке жеткізер қабілет иелері «Астана Операдан» табылып, 11 және 13 қазан күндері өнерсүйер қауым шаттыққа бөленді, үздіксіз қол шапалақтау мен «Браво!» деген дауыстар толастамай премьера өтті.  

photo5309869326926457680.jpg

Дж.Вердидің күрделі шығармасын әртістер абыроймен орындап шықса, ұзақтығы үш сағаттан асатын операны тамашалауға келген тыңдарман қауым да бір сын белесін бағындырды десек болады. 

photo5309869326926457681.jpg

Алайда театрда көрермен аудиториясының мұндай қойылымға дайын екендігі, барлығы оқиға желісінің дамуын зейін сала бақылап отырғаны тілге тиек етілді.   

photo5309869326926457683 (2).jpg

Итальяндық қоюшы режиссер, 2019 жылдың Үздік режиссері санатында «Opera Star» сылығының иегері – Давиде Ливермор алғаш рет бұл операны Қазақстанда қойды. 

photo5312130287905385337 (1).jpg

Опера қаһармандары – тарихи тұлғалар: патша Филипп II (Евгений Чайников, Барсег Туманян), патшайым Елизавета Валуа (Жаннат Бақтай), Родриго (Сүндет Байғожин, Талғат Мұсабаев), сүйіктісі Елизаветаға үйленуі тиіс болса да, оған әкесі үйленген патша мұрагері Дон Карлос… (Медет Чотабаев, Наоюки Окада (Жапония).  

photo5312394630257552457.jpg

Көрініс тарихи кезеңге құрылғанымен, спектакльді қатып қалған классика деп атау қиын. Театрдың заманауи техникалық мүмкіндіктері оны заман ағымына сай іс-қимылға толы етуге жол ашса, ал жарықты ойнату (күміс, қара, қызыл) бүгінгі таңда өзекті dark fantasy жанрын есімізге салды. 

photo5312394630257552456 (1).jpg

Ең жарқын көріністердің бірі – дінбұзарларды өртеу кезі, бұл рәсім өзінің шынайылығымен терең әсер етті, адамдардың шеккен азабы көзге ұрып тұрды. 

photo5312394630257552459 (1).jpg

«Дон Карлостағы» вокалдық көшбасшылар туралы ұзақ айтуға болады. Жетекші әртістердің дыбыстық сауаттылығы мен мәтінді мінсіз жеткізуіне жеке қошемет көрсету қажет. 

Премьера  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтті, оны ташалауға ҚР Парламент Сенатының төрайымы Дариға Назарбаева, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, музыкалық сыншылар, шетелдік қонақтар келді.

Спектакль өзінің ауқымдылығымен және ғаламаттығымен үлкен әсер қалдырды. Операда көрсетілген барлық тарихи оқиғалар арасында бәрібір де адами сезім бірінші орында қалды.

 

Ruh.kz
Фото: Джамиля Мурзабекова