29 Қараша, 2018
Досы көпті дау алмас

Жора-жолдассыз, дос-бауырсыз өмірдің мәні жоқтай көрінеді кейде. Расында осылай. Белгілі бір ортамен, жас жағынан тетелес өскен достармен бірге өткізген көңілді күндерді ешқандай адам ештеңеге айырбастамайды.


«Дос дегенің шарайна, сындыып алма, абайла» деген тәмсілмен өскен қазақпыз. Дос көңілі, жолдас пейілі адамзат ұрпағы үшін өте маңызды.



Бірінің сойылын бірі соғатын достар ортасының берекесі ерекше. Қазақта «Бір жігіт таққа отырса, қырық жігіт атқа отырады» деген тамаша мәтел бар.



Жақсысын асырып, жаманын жасырып, тентегін тезге салып өскен ұлттың ұрпағы үшін дос орыны әрқашан биікте.



Жақсы жолдас, өмірлік дос таба білу қиын болғанымен, осы бақытқа қолы жеткендер ғұмыр бойы арқа сүйеніші бар адам болып өтері хақ.  


Ruh.kz
Nurlybek Buhpin