16 Қараша, 2020
Еңбек адамының бір күні (фоторепортаж)

Бүгінгі «Еңбек адамы» жобасының кейіпкері – қырық жыл теміржол саласында тер төгіп жүрген абзал ана Қабдианова Рыскүл Жұмагелдіқызы. 

2.jpg

ШҚО, Аягөз қаласы – тоғыз жолдың торабында орналасқан теміржолшылардың өңірі.

3.jpg

Рыскүл Қабдианова да техник-механик ретінде «Қамқор-Локомотив» жөндеу депосында 19 жасынан екбек етіп келеді.

4.jpg

Жұмыс уақыты таңғы 7:45-тен басталады.

5.jpg

Маман ең алдымен тепловоздарды қабылдап, дөңгелектерін өлшеп бақылайды. Ақаулары болған жағдайда темір ұстасына жонуға жібереді.

6.jpg

Рыскүл Қабдианова бір күнде 4-5 тепловозды тексерістен өткізеді.

7.jpg

Күн райына қарамай жүк діттеген жерге қауіпсіз жетуі үшін тексеріс жұмыстарын аса мұқият жүргізу керек.

8.jpg

Бүгінгі таңда Рыскүл сыйлы теміржолшы. Ауыр еңбектің зейнетін көріп отырған жан.

9.jpg

Еңбек адамының жұмысы – экономиканың негізгі тірегі.

10.jpg

Тек еңбек қана Мәңгілік елдің іргесін мығым етеді.  

Ruh.kz