7 Қазан, 2019
#Ең_үлкен_10_көл

Әлемдегі ең үлкен көлдер ондығы. Қолда барда алтынның қадірін білгенге не жетсін?!

Көлдер. Олардың кристалды таза суы, бай экожүйесі және көз жауын алатын пейзаждары әлем ұсына алатын ең керемет табиғи ғажайыптардың бірі болып табылады. Көлдің жағымды да сұлу кейпінен бөлек қайран қалдыратын көлемдері де олардың ең бір маңызды қыры.

Мұнда әлемдегі ең үлкен 10 көл тізілген. Сіз бұл көлдерді, болашақта барып қайту үшін, өз чек-парағыңызға қосып қойсаңыз болады.

Х Үлкен «Еріксіз» көл, Канада – 28 930 км2

10.jpg 

Канададағы екінші үлкен көл Солтүстік Америкадағы ең терең көл болып есептеледі. Оның түбіне жету үшін сізге 614 метр төмен жүзуге тура келеді.

Бір кездері үлкен көл Макконнелл үлкен мұздық көлінің бір бөлігі болды. Ал қазір ол толығымен өзін-өзі қамтамасыз ететін өз жүзбелі үйлерімен белгілі. Ол үйлер туралы, тіпті, Animal Planet арнасында көрсетілген деректі фильм («Ледяное озеро») түсірілген еді.

Өз атауына қарамастан, бұл көл жүздеген еріксіз адам үшін соңғы көргені болған жоқ және күн сайын онда-мұнда құлдармен толтырылған қайықтар жүзіп жүрген орын болған емес.

Great Slave Lake атауы үнді халқының «Дене» (слэйви) атауына берілді. Ал аудармашылар slave («құл») ағылшын сөзінен шыққан деп түсінсе керек. Қысқасы бұл көлдің атауы «еріксіздерге» немесе «құлдарға» еш қатыссыз.

ІХ Ньяса, Африка – 30 044 км2

9.jpg 

Бұл Танзаниядағы (Шығыс Африка) Рифті алқаптың Оңтүстігіндегі көл. Әлемдегі тұщы судың 7% қоры да осы көлдің еншісінде.

Ньяса көлі (немесе Малави, бірақ ол орналасқан республиканың атауы) планетадағы кез келген басқа көлге қарағанда балықтардың ең көп түрлері бар су алқабы болып табылады. Онда тек бір цихлид балығының ғана 700 түрі бар.

Ал егер сіз жергілікті балық пен ұлуды тамашалай беруден жалықсаңыз, әдемі жағажайлардың бірінде демалуға және африкалық күннің астында жақсы тотығып алуға болады.

VІІІ Үлкен аюлы көл, Канада – 31 080 км2

8.jpg 

Бұл Канададағы ең үлкен көл. Ол тайга мен тундраның аймақтары шектесетін Солтүстік полярлық шеңберде орналасқан.

Дәл осы жерде уранның алғашқы кен орындары ашылды. 9 ай бойы көл беті мұз жабылып жатад. Сондықтан кеме қатынасының мерзімі өте қысқа.

Бірақ балық аулау мен аң аулауға таптырмайтын жер екені тағы даусыз. Мұнда жету оңай емес, бірақ егер сіз мұны ждасасаңыз, өкінбейтініңіз анық. Себебі үлкен аюлы көлдің жанындағы орындардың әдемілігін сөзбен суреттеу мүмкін емес. Ал көлді қоршаған қоныстар – дене және «аю халқының» типи сынды байырғы үнді халықтарының үйі. Сондықтан егер сіз бұрыннан шынайы үндістерді көруді армандайтын болсаңыз (найза шаншып, аң ауламаса да, қазіргі заманға сай болса да), қайда бару керектігін білесіз.

VII Байкал, Ресей – 31 500 км2

7.jpg 

Сіздің көз алдыңызда – әлемдегі ең терең көл, және бұл Байкал туралы жалғыз қызықты факт емес. Оның ең терең жері – 1642 метрге жетеді. Тұщы судың ең үлкен қоры бар. Сондай-ақ планетадағы ең таза көл болып саналады.

Байкал көлі теңіз деңгейінен 455 метрден астам биіктікте орналасқан және өсімдіктердің 1000 түрі мен жануарлардың 2500 түрінің мекені болып табылады. Байкалды «сүйікті мекен» деп білетін бірегей жануарлардың бірі – тұщы су итбалығы немесе Байкал нерпасы. Ғалымдар әлі күнге дейін бұл жануардың көл суларында қалай пайда болғаны біле алмай отыр: өзен жүйесі бойынша Мұзды мұхиттан жүзіп келгені, Байкалдан ағуы мүмкін Лена өзенінен жүзіп келгені белгісіз.

Бірақ жаңа жерде орын тепкен «саяхатшы» әлі күнге дейін Байкалдың экожүйесіндегі азық-түлік тізбегінің шыңында орналасқан. Байкал нерпасы үшін жалғыз қауіп – адам ғана.

VI Танганьика, Африка – 32 893 км2

6.jpg 

Бұл үлкен Африка көлі әлемдегі екінші көне тұщы су көлі және бұған қоса, әлемдегі ең ұзын тұщы су көлі болып табылады.

Көлдің 85 пайыздан астамы Танзания мен Конго ДР-да, ал қалған бөлігі Бурунди мен Замбия аумағында орналасқан.

Танганьикада көптеген қолтырауын мен бегемоттар, сондай-ақ әлемдегі ең әдемі және тыныш кобраның бірі – сақиналы су кобрасы мекен етеді. Жаңа террариумистерге осы кобраны, олардың бейбіт сипатына байланысты, үй жануары ретінде де ұсынады.

V Мичиган, АҚШ – 58 000 км2

5.jpg 

Жоғарғы және Гуронмен қатар Ұлы көлдер жүйесіне кіреді. Бұл үш көл бұғаздармен біртұтас жүйеге қосылған, бірақ олар (белгісіз бір себептермен) жеке көлдер деп есептеледі.

Мичиган көлінің кең жағалау сызығын кейде оның ұзын, әдемі жағажайларына байланысты құрама штаттардың «үшінші жағасы» деп те атайды.

IV. Гурон, АҚШ – 59 600 км2

4.jpg 

Барлық Ұлы көлдер арасындағы ең ұзын жағалау сызығымен мақтана алатын және 1600-жылдардағы еуропалықтар зерттеген көлдердің ішінде бірінші болған көл.

Француз зерттеушілері Самюэль де Шамплен және Этьен Брюле Гурон шығанағын 1615 жылы ашты. Ол Гурон көлінің қалған бөлігінен Манитулин аралымен бөлінген болып көрінетіндіктен оны жеке көл деп есептесе керек. Дегенмен, бұл арал әлемдегі ең үлкен арал деп саналатындықтан, зерттеушілерді әбден түсінуге болады.

ІІІ Виктория көлі, Африка – 69 485 км2

3.jpg 

Әлемдегі, ірілігі жағынан, үшінші көл Шығыс Африкадағы үш мемлекеттің аумағында орналасқан. Жоғарғы және Байкалдан кейінгі тұщы су қоры бойынша үшінші орынды алатын көл. Бұл көлді британдық саяхатшы және жаңалық ашушы Джон Спик Виктория патшайымының құрметіне атаған.

Бұл көл Ніл өзенінің негізгі су қоймасы мен көзі болып табылады.

Виктория аумағында 85 түрлі аралдар бар, олардың әрқайсысы, Кенияда орналасқан біреуін қоспағанда, Уганда шегінде орналасқан. Бұл аралдардың барлығы бай гидратталған экожүйені мекендейтін эндемиялық фауналарымен танымал. Басқаша айтқанда, онда мекендейтін жануарлар өзге еш жерде кездеспейді. Әлбетте осы қыры саяхатшылар тобының аталмыш аралға деген қызығушылықтарын арттырады.

ІІ Жоғарғы көл, Канада және АҚШ – 82 414 км2

2.jpg 

Канада мен АҚШ шекарасында орналасқан бұл көл әлемдегі ең ірі тұщы көл болып табылады. Ол басқа Ұлы көлдерге қарағанда суы көп көл болып есептеледі. Тіпті барлық Ұлы көлдердің суын қосқан күнде де Жоғарғы көлдің су мөлшеріне жете алмайды.

Бастапқы атауы «үлкен су» ретінде, содан кейін «ең биік көл» ретінде ауыстырылды, бірақ кейіннен ол континенттегі ең үлкен болып табылатыны туралы ескертумен қайта аталды.

І Каспий теңізі – 371 000 км2

1.jpg 

«Теңіз» географиялық атауына қарамастан, Каспий жер шарындағы ең үлкен көл болып табылады. Оны мұхит түрінің тектоникалық ерекшеліктеріне байланысты «теңіз» деп атайды, бірақ мәні бойынша бұл су деңгейі тұрақты ауытқуларға ұшыраған үлкен ағынсыз көл. Каспий теңізімен бірнеше өзен қосылып жатса да, ол әлі де мұхиттан бөлек болып қалады.

Каспий Еуропа мен Азия шекарасында орналасқан, тұздану деңгейі әртүрлі: Еділ сағасының 0,05% - дан, оңтүстікте 13% - ға дейін жететін көл.

Ондаған ірі көлдерден шыққан аутсайдер ірі тұзды көлді білдіретін Арал теңізі болып табылады. Үсіп қалу процесі оның су бетінің ауданы 8303 км2 дейін азаюына сеп болды. Аралдың күнін Каспий, не басқа да өзен-көл қайталамауы сол елді мекендегі әрбір адамға байланысты екенін естен шығармағайсыз.

P.S: Тізім әлемдік ақпарат құралдарының есебімен жасалған.

Сұлтан Мұстафин
Ruh.kz
Ашық дерек көздерден