31 Желтоқсан, 2020
Ең танымал қазақстандықтар

Жыл басынан бері Қазақстанның атын әлемдік ареналарда әйгілеп жүрген 10 қазақстандықты назарларыңызға ұсынамыз. 

каскадер.jpg

Жайдарбек Күнғожинов (06.09.1969) – «Томирис» тарихи драмасында трюктерді қою жұмысы үшін каскадерлік «Оскар», Әлемдік каскадерлер академиясының «Таурус» сыйлығын иеленген «Nomad Stunts» каскадерлер тобының жетекшісі. Актер «Мулан» фильміндегі басты рөлдердің бірін сомдайды.

672ba6b6ec3400d0270941cc1bea7512_XL.jpg

Дидар Хамза (15.02.1997) – 90 келі салмақ дәрежесіндегі дзюдодан Қазақстан чемпионы.

12246730.jpg

Иманбек Зейкенов (21.10.2000) – диджей әрі музыкалық продюсер. 2019 жылы Saint Jhn-нің «Roses» әніне жасаған ремиксімен әлемге әйгілі болды. «Грэмми-2021» номинанттары қатарына енді.

3763.png

Жансая Әбдімәлік (12.01.2000) – он төрт жасында әйел гроссмейстер атанған қазақ шахматшысы. Элиталық әйелдер турнирінің жүлдегері. Әлемнің үздік шахматшыларының үштігіне енді.

saburov_slide.jpg

Нұрлан Сабуров (22.12.1991) – Қазақстанның тумасы, әзілкеш. Forbes нұсқасы бойынша 2020 жылғы 30 жасқа дейінгі дарынды 30 азамат рейтінгіне үміткер.

dane.jpg

Данэлия Тулешова (18.07.2006) – қазақстандық әнші. Лос-Анджелесте өткен американдық America's Got Talent шоуының ІІ орын иегері.

1505989164nezpm.jpg

Данияр Алшинов (01.01.1988) – қазақстандық режиссер және сценарист. «Қап-қара адам» фильмі үшін «Asia Pacific Screen Awards-2019» жүлдесінің «Үздік режиссер» аталым жеңімпазы. European Cinematography Awards қорытындысы бойынша «Үздік Актер» аталымына лайық деп танылды.

5d64ed51dfb50.jpg

Бақтияр Зайнутдинов (02.04.1998 жыл) – қазақстандық футболшы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының және ЦСКА футбол клубының шабуылшысы.

2020070310280259038_rahmonov.jpg

Шавкат Рахмонов (23.10.1994) – орта салмақта өнер көрсететін UFC спортшысы. Қазақстанның осы спорт түріндегі жалғыз өкілі.

910a017058470197f4df13a8c99fa42b-e1563941466580.jpg

Айсұлтан Сейітов (31.01.1997) – қазақстандық режиссер, клипмейкер. Қазіргі уақытта Нype Production продакшн-компаниясымен ынтымақтаса отырып, ТМД елдерінің танымал орындаушыларына бейнебаян түсіруде.

Сұлтан Мұстафин
Ruh.kz