9 Шілде, 2020
Экологиялық тұрақтылық: АҚШ мысалы

Табиғи және технологиялық орта

-e91df9179156b2f3.jpg

Табиғи орта қоршаған ортаға және маркетологтардың капиталына қажет немесе маркетингтік қызмет әрекеті нәтижесінде өзгеретін табиғи ресурстарды қамтиды. Ең негізгі деңгейде қоршаған ортадағы күтпеген оқиғалар – ауа райынан табиғи апаттарға дейінгі барлық ықтимал қауіп компанияларға және олардың маркетинг стратегиясына әсер етуі мүмкін. Мысалы, жақында болған аязды қыстың салдарынан америкалықтардың сөздік қорында полярлық құйын термині пайда болғанда флористер мен автосалондардан бастап мейрамханалар, авиакомпаниялар және туристік бағыттарға дейінгі кең ауқымдағы компаниялардың сатылымы зардап шекті. Керісінше, қатаң ауа райы тұзға, қар тазалау құрылғыларына, қыстық киімге және автокөлік жөндеу орталықтарына деген сұранысты арттырды.

Компаниялар осындай табиғи оқиғаларды тоқтата алмаса да, олармен жұмыс істеуге дайын болуы керек. Мысалы, FedEx және UPS сияқты жүк тасымалдау компаниялары өз қызметкерлері қатарына бүкіл әлем бойынша уақытылы жеткізуге кедергі келтіретін ауа райы жағдайларын алдын ала болжайтын метеорологтарды қосады. «Бангкокте сәлемдеме күтіп отырған адам Луисвиллде, Кентуккиде қар жауғанына қарамайды, – дейді UPS метеорологы. – Олар өз затын тезірек алуды қалайды».

80b4b2bfd051bb8d52504cb810226eb2.jpg

Қоршаған ортаның тұрақтылығы туралы мәселе соңғы бірнеше онжылдықта кең ауқымдағы деңгейде тұрақты түрде дамыды. Әлемнің көп қаласында ауа мен судың ластануы қауіпті деңгейге жетті. Жаһандық жылыну қаупі дүниежүзінде алаң тудырса, экологтар көп ұзамай адамзат өз қоқысының астында қалады деп дабыл қағуда.

Маркетологтар табиғи ортадағы бірнеше процесс туралы хабардар болуы керек. 

Біріншіден, шикізат жетіспеушілігі байқалады. Ауа мен су таусылмайтын ресурс сияқты көрінгенімен, кейбір топтар бұл қауіпті жоққа шығармайды. Ауаның ластануынан әлемдегі ірі қалалардың көбі түтінге тұншығуда және ауызсу тапшылығы Америка Құрама Штаттары мен әлемнің кейбір бөліктерінде үлкен мәселеге айналды. 2030 жылға қарай әлемдегі үш адамның біреуі ішетін суға зар болады. Орман және азық өнімдері сынды жаңартылатын ресурстарды үнеммен пайдаланған дұрыс. Мұнай, көмір және түрлі пайдалы қазбалар сияқты жаңартылмайтын ресурстар – бөлек мәселе. Осындай сирек ресурстарды қолданып өнім өндіретін фирмалар үшін материалдар қолжетімді болса да, шығыны көп.

Nike-Schuhe-RED-shutterstock_511441552-pio3.jpg

Екінші экологиялық процесс – ластанудың артуы. Өнеркәсіп әрдайым табиғи ортаға нұқсан келтіреді. Химиялық және ядролық қалдықтарды көму, мұхиттағы сынаптың қауіпті деңгейі, топырақтағы және азық-түлік өнімдеріндегі химиялық ластағыштар мөлшері, қоршаған ортаға зиянды заттардың, пластик және басқа да қаптау материалдарының лақтырылуын қарастырсақ болады.

Үшінші процесс – табиғи ресурстарды басқаруда мемлекеттің араласуының артуы. Әр елдің үкіметі қоршаған ортаны қорғауға қатысты әртүрлі деңгейде алаңдап, оған қатысты іс-әрекеттері де түрлі болады. Кейбіреуі, мысалы, Герман үкіметі қоршаған орта сапасын барынша бақылауда ұстайды. Басқалары, әсіресе кедей елдердің көбі ластануға байланысты көп жұмыс жүргізбейді, оған себеп – қаражат немесе саяси ерік жоғы.

hype-ru-6-kiichiro-6jA5BNgc6Pz0U1DI2K6zrQ.jpeg

Америка Құрама Штаттарында Қоршаған ортаны қорғау агенттігі (EPA) 1970 жылы қоршаған ортаны ластау нормаларын қалыптастыру мен енгізу және қоршаған ортаның ластануын зерттеу үшін құрылған. Болашақта Америка Құрама Штаттарында бизнес жүргізетін компаниялар үкімет пен қысым көрсететін топтар тарапынан жіті бақылау болатынын болжай білуі керек. Реттеуге қарсы тұрудың орнына маркетологтар әлемдегі материалдар мен энергетикалық мәселелерді шешуге көмектесуі керек.

Табиғи ортаға деген қамқорлық экологиялық тұрақтылық қозғалысының пайда болуына ықпал етті. Бүгінде сауатты компаниялар үкімет бекіткен заң шекарасынан шығуда. Олар планета шексіз қолдана алатын әлемдік экономиканы құратын стратегия мен тәжірибе қалыптастыруда. Экологиялық тұрақтылық қазіргі қажеттіліктермен қатар болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай туғызуды білдіреді.

epa-new.jpg

Компаниялардың көбі тұтынушылардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарай отырып, өндірілген тауарларға деген талабын қанағаттандырады. Басқалары қайта өңделетін немесе топырақта жатып шіритін қаптама, қайта өңделген материалдар мен компоненттер әзірлеуде, ластануды бақылауды жақсартуда және энергияны үнемдеуді арттыруда. Nike өзінің экономикалық мақсаттарымен ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаға деген қамқорлықты жақтаушы ретінде де танымал. Осы мақсатта ол қоршаған ортаға тигізер зиянын құндылық жеткізу тізбегі арқылы азайтуға тырысады. Ол өнімдерінің барлығында қоршаған ортаға әсерін аз тигізетін, ең алдымен, спортта барынша нәтижеге жетуге бағытталған өнімдерінің жаңа буынын жасауға талпынды. Осылайша Nike компаниясы 2015 жылы фабриканың қалдықтарын 54 млн £ тұратын аяқкиім мен киім-кешекке арналған премиум-класс материалдарға айналдырды. Энергияны қалпына келтірместен, аяқкиім өндірісіндегі жалпы қалдықтардың 92%-ы полигонға және өртеуге жіберді. Компания 2008 жылы өзінің энергетикалық және көмірқышқыл газы бағдарламасын іске қосты және сол уақыттан бері оның аяқкиім өндірушілері бір бірлікке энергия пайдалануды екі есеге дейін қысқартты. Сондай-ақ Nike компаниясы өндірісте қолданылатын материалдардың 95%-ы тыйым салынған заттар тізімі бойынша сынақтан өткенін мақтан тұтады. 2020 жылға қарай қоршаған ортаның жай-күйіне тигізетін әсерін аяқкиім өндірісінен шығатын қалдықтарды өртеу және полигонға шығару арқылы 10% азайтады деп үміттенеді. Сондай-ақ ол тауарды өңдеу мен бояу кезіндегі бір тауарға шаққандағы тұщы суды тұтынуды 20%-ға азайтуға қол жеткіземіз деп үміттенеді. Сайып келгенде, ол өзінің меншікті және басқарылатын нысандарында 100% жаңартылатын энергетиканы пайдалануды FY25 арқылы қол жеткізуге бағытталған.

Котлер Филип, Армстронг Гари, 

«Маркетинг негіздері»,

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған кітап

Аружан Мырзатай
Ruh.kz
Фото: ашық дереккөздерден