23 Сәуір, 2019
Ел мұрасын сақтаған Елбасы

Қазіргі таңда Қазақстанда 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіштер сақталған. Ескерткіштерді бастапқы қалпында сақтау қазіргі уақытта өзекті мәселе болып отыр. Сол үшін де жас ұрпаққа ескерткіштерді қорғау елдің, бүтін халықтың баға жетпес асыл қазынасы екенін түсіндіру қажет.


«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Туған жер» арнайы жобасы білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді мақсат етеді. Мәдени мұра әрбір елдің тарихынан сыр шертер ұлттық байлық қана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін маңызды факторлардың бірі.



Қазіргі таңда Қазақстанда 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіштер сақталған. Ескерткіштерді бастапқы қалпында сақтау қазіргі уақытта өзекті мәселе болып отыр. Сол үшін де жас ұрпаққа ескерткіштерді қорғау елдің, бүтін халықтың баға жетпес асыл қазынасы екенін түсіндіру қажет.





Осы орайда, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының екі жылдығына орай, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығында «Ел мұрасын сақтаған Елбасы» атты дөңгелек үстел өтті. Тарихи ескерткіштерді қорғау күні аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты – қазақ халқының рухани құндылықтарын дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға, сондай-ақ, мәдени мұраларды игеруге жастарды тарту. Бұған қоса, жастарға өңіріміздің құпиясын ішіне бүккен көне шаһарлар мен тарихи-мәдени ескерткіштерге бай өлке екенін түсіндіріп, ұлттық мәдени маңызы бар асыл қазынаны кеңінен насихаттау.



Дөңгелек үстелдің алғы сөзінде орталық директоры Н.Мыңжас:



-   Қазақ жерінде сыры ашылмаған тарихи ескерткіштер жетерлік. Мәселен, бір ғана Сыр даласының өзінде қаншама тарихи мұра бар. Әсіресе дария бойында кезінде шаһарлар орын тепкен. Ұлт өміріндегі әрбір шежіренің түп-төркінін зерделеп көрсеңіз, сол оқиғаға қатысты деректер дария бойынан молынан табыла кетеді. Қызылорда – еліміздегі тарихи ескерткіштерге бай өңірлердің бірі. Қазақстанның киелі нысандар тізіміне 12 нысанның осы облыстан енуі соның анық айғағы. Олардың қатарында небір зұлмат заманды басынан өткеріп, бұл күндері жер бетінен жойылған, тарихи маңызға ие Сығанақ, Жанкент, Шірік-Рабат, Жент қалалары бар. Ағымдағы жылы жалпыұлттық киелі нысандар тізіміне тағы 10 тарихи орын туралы дерек ұсындық, - деді өз сөзінде.



Дөңгелек үстелде облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы «Атамекен» бөлімінің меңгерушісі Б.Нұриман



 - Осы уақытқа дейін түркі даласында әсіресе, көне дәуірлерде жазылған ғылыми, әдеби, тарихи шығармаларды көптеп кездестіруге болады. Атап айтқанда медицина, астрономия, әдебиет, тіл ғылымы салаларында осындай кітаптарды көріп отырмыз. Оның ішінде, мемлекеттік басқаруға арналған кітаптарда бар.





«Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының аясында осы көне дәуір мұраларын жинақтап, зерттеп, кейінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, ғылыми айналымға қосу, аталмыш бағдарламаның басты міндеті-деп, есептеймін. Көрмеде көне дәуір әдеби жәдігерлерін қоюуымыздың себебі де, жастар көріп, көзі ашылсын деген мақсатта болды. Мың рет естігеннен бір рет көзбен көрген артық ғой-деді, облыстық«Рухани жаңғыру» орталығы «Атамекен» бөлімінің меңгерушісі Б.Нұриман.



Сондай-ақ, Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры С.Көзейбаев Сыр өңіріндегі тарихи ескерткіштерді жаңғырту, қайта қалпына келтіру және сақтау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстары жайлы сөз етті.



Дөңгелек үстелге қатысқан сала мамандары мен ғалымдар жастардың сұрақтарына жауап берді.



Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының



«Ақпарат толқыны» бөлімі.



 


автор