8 Тамыз, 2019
ЕЛОРДА ЕСКЕРТКІШТЕРІ немесе ҰЛЫ ДАЛА ЕСІМДЕРІ (Фоторепортаж)

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы тарихи тұлғаларға ескерткіштерді білесіз бе? Егер, білмесеңіз Сіздің назарыңызға Елорда ескерткіштері туралы фоторепортажды ұсынамыз. Мархабат!

Елбасы Н. Назарбаев өзінің стратегиялық маңызы зор "Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласында: "Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады.

Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр.  

Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді.

Сондықтан біз біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек.

Екіншіден, мақсатты мемлекеттік тапсырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет" деген екен. Расында, қазақтың Абайы, Құрманғазы мен Кенесарысы, үш биі, Әлия мен Мәншүгі, Рақымжан мен Бауыржаны ұлы дала елінің мәңгілік мақтанышы. 

Сондай-ақ бұл жерде классикалық қалыптан тыс, баламалы жастар өнерінің креативті әлеуетін де пайдаланудың мәні зор. Осыған орай, бұл іске тек отандық қана емес, сонымен бірге, шетелдік шеберлер мен шығармашылық ұжымдарды да тартқан жөн.

Үшіншіден, еліміздің тарихи кезеңдерін кеңінен қамти отырып, «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру және жандандыру қажет.

Бұл бағытта қазақстандық ғалымдармен қатар шетелдік мамандар да тартылатын халықаралық көпбейінді ұжым құруға болады. Нәтижесінде, біздің қаһармандарымыздың өмірі мен қызметі жөнінде тек еліміздегілер ғана емес, сондай-ақ шет елдегілер де білетін болады" деп жазған екен. 

0Z9A0880.jpg

Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш


0Z9A1000.jpg

Ерліктің шынары, КСРО батыры Мәншүк Мәметоваға арналған ескерткіш

0Z9A0800.jpg

Күй атасы - Құрманғазы Сағырбайұлына арналған ескерткіш

0Z9A0939.jpg

Аяулы Әлия Молдағұловаға арналған ескерткіш

0Z9A1054.jpg

ХХ ғасыр Гомері - Жамбыл Жабаевқа арналған ескерткіші


0Z9A0979.jpg

Бөгенбай батыр

0Z9A0894.jpg

Қазақтың үш биі

0Z9A0931.jpg

Сәкен Сейфуллиннің ескерткіші

0Z9A1093.jpg

Рақымжан батыр


0Z9A1061.jpg


Бауыржан батыр

0Z9A0847.jpg

Кенесары Хан


0Z9A1122.jpg

Керей мен Жәнібек Хандарға арналған ескерткіш

Бұл ескерткіштер тек елордалықтарға ғана емес, шетелдік туристерге де Ұлы Дала елінің тарихын, рухын, мәдениетін танытып тұрған айбат пен қайраты. Ұлылардың ескерткіштеріне қарап, бой түзейік! Ескерткіш болып тастұғырға қонған тұлғалардың өмір жолын біле жүрейік! Сіз білесіз бе?!

Ruh.kz
Джамиля Мурзабекова