17 Қараша, 2017
Елордалық ҮЕҰ-ларға «Рухани жаңғыру» аясында «Атамекен» бағдарламасы таныстырылды

Астанада «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асыру үшін үкіметтік емес ұйымдар жұмылдырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.



«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы мен Астана қаласының ішкі саясат басқармасымен бірлесе үкіметтік емес ұйымдарға арнап «Рухани жаңғыру» аясындағы «Атамекен» шағын бағдарламасының таныстырылымын өткізді.



«Атамекен» шағын бағдарламасын жүзеге асыру үшін үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғамның басқа да институттарының әлеуетін тарту жоспарланып отыр. Шағын бағдарлама негізгі екі бағыт бойынша жұмыс істейтін болады. Біріншісі - әлеуметтік бастамалар картасы, ал екіншісі жомарт жүрек деп аталады», - делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада.


astana.gov.kz
astana.gov.kz