8 Қазан, 2019
Еңбектің наны тәтті!

Түркістан облысы Қожа Ахмет Яссауи университетінің кітапханасындағы, 2-қабатында орналасқан Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінде Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары М.Сейтімбетовтың Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында 2019 жылы Сарыағаш ауданында атқарылған жұмыстары тақырыбындағы кезекті брифинг.


Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында 3 бағдарлама бойынша 1494 түрлі форматтағы іс-шара өтіп, 88830 аудан тұрғындары қатысқан. Бұл орта есеппен аудан тұрғындарының 47 пайызын қамтып отыр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларының желілік кестесі әзірленіп, бекітілген. Бекітілген кестеге сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, «Атамекен» бағдарламасы бойынша – 18 іс-шара, «Рухани қазына» бойынша – 237 іс-шара, «Тәрбие және білім» бойынша – 1240 іс-шара өткізілген. Өткізілген ауқымды іс-шаралар тұрақты түрде электронды және баспа БАҚ беттерінде жарияланып келеді. 

Рухани жаңғыру2.jpg

І. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша

Аудан аумағында орналасқан білім беру мекемелерінде «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша 1240 іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Аудандық бюджеттен 25 млн. қаржы бөлініп, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасының 800 баласы Машаттағы «Орбита» лагерінде демалып қайтты. Демеушілер есебінен 22 500 оқушыға көмек көрсетілді.

ІІ. «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша

«Атамекен» кіші бағдарламасы «Табысқа апарар жол», «Әлеуметтік бастамалар картасы» және «Жомарт жүрек» жобалары бойынша жұмыстар жүргізілді.

«Табысқа апарар жол» жобасы бойынша 3 іс-шара өткізілді. «Әлеуметтік қолдау» жобасы бойынша жалпы құны 421,7 млн. теңге құрайтын 12 нысан жобасы бар. «Жомарт жүрек» базалық жобасы бойынша демеушілер есебінен тұрмысы төмен, көп балалы 3 отбасыға тұрғын үй салынып берілді. Ауданның демеушілер есебінен жыл сайын дәстүрлі түрде ардагерлер, ардақты аналар мен зейнеткерлер киелі жерлерге зиярат жасауға барып қайтады.

ІІІ. «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша

Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша – 237 іс-шара өтіп, 26 586 аудан тұрғындары қамтылған. «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған ел – туған жер» жобасы аясында барлық елдімекендерде абаттандыру, тазалық жұмыстары әр аптада жүргізіледі.

ІV.«Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы бойынша»

ҚР тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жариялануына байланысты 2019 жылы жергілікті «Сарыағаш» қоғамдық-саяси газеті, «Шапағат КЗ», «Сәтті» газеттерінде «Сәт» телеарнасында, «Сарыағаш радиосында» бүгінгі таңға 177 мақала, Сарыағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсында 113 мақала, облыстық, республикалық телеарналардан 11 бейнекөрсетілім, ақпарат агенттіктері мен сайттарда 137 мақала жарық көрген. 

Түркістан облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі