9 Шілде, 2020
Есет батыр Көкіұлы


Әйгілі Кіші жүз ханы, күллі қазақ қолының бас сардары – Әбілхайырдың, кіші жүз әскерін басқарған Бөкенбай батырдың сенімді серігі болған, көреген мәмілегер, сарабдал саясаткер, ар рухты ұлы тұлға Есет батыр Көкіұлы 1667 жылы дүниеге келіп, жоңғарларға қарсы 1726-1729 жылдары Бұланты, Аңырақай, Қалмаққырылған шайқастарында жан аямай соғысып, 1749 жылы елінің тәуелсіздігі жолында қаза тапты.

IMG_7439.JPG

Осындай қазақтың көрнекті батыры Есет батыр Көкіұлына Ақтөбе қаласы «Нұр-Сити» ауданында арнайы бөлінген жер учаскесі алаңында ескерткіш орнату үшін 2017 жылы ескерткіштің ең үздік жобасына республикалық байқау жарияланды. Байқауға барлығы 12 эскиздік жоба түсіп, қорытындысы бойынша ақтөбелік жас мүсінші – Жұбанқосов Жеңіс Рахманұлы сомдаған мүсін таңдалып алынды.

Есет Көкіұлының ат үстінде Тарханды бейнелеген қоладан құйылған мүсіні Ақтөбе-Орск тас жолының бойына қойылды. Тұғырының биіктігі – 6,5 метр, мүсіннің биіктігі – 6,3 метр және жартысфера тәрізді барельеф орнатылды. Ескерткіш РФ Екатеринбург қаласындағы «Иван Дубровин құймалы шеберханасында» дайындалды. Бұда былай ер Есет ескерткіші қаланың сәулетіне сән қосып қана қоймай, шаһарға тарихи мән де беріп тұрмақ.

IMG_7432.JPG

Ескерткіш демеушілер жарнасымен және жанашыр жандардың өздері тікелей көрсеткен көмегімен тұрғызылды. Елін қорғаған ердің ескерткішін тұрғызуға арнайы «Есет батыр ескерткіші» қоры құрылып жұмыс жасады.

Ақтөбе облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі