5 Тамыз, 2019
Ескерткіш – көненің көзі, тарихтың өзі

Осы жылдың 18 сәуірінде Көкшетау қаласындағы «РИО» ойын-сауық орталығында «Қасиетті география» арнайы жабасын жүзеге асыру аясында «Ескерткіш – көненің көзі, тарихтың өзі» атты «Life Patriotic Coaching» түрінде студенттер мен өлкетанушылар, облыс орталығының тұрғындарымен қонақтарына арналған іс-шара өтті.


Бұл шараны Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жанындағы «Киелі Қазақстан» республикалық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.



Іс-шара «РИО» ойын-сауық орталығына келушілер арасында тарихи деректермен Ақмола облысының ең қызықты да киелі объектілері жайында білімдерін көрсететін викторина түріндегі (сұрақ-жауап) интерактивті режимде өтті. Концерттік нөмірлер патриоттық тақырыпқа алмаса отырып, іс-шара соңы «Қазақстанның қасиетті нысандары» энциклопедия кітабын таныстырудан кейін флеш-мобқа ұласты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жанындағы «Қасиетті Қазақстан» Орталығының мамандарымен университет оқытушылары  патриоттық  сана сезімнің маңыздылығы, шығу тегіміз аясындағы сұрақтар құзыреттілігі, креативтілік және заманауи ойлауды қалыптастыру аясында сөз сөйледі.



Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жанындағы «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының   бөлім  жетекшісі Анар Екімбаева:



«Бүгінгі  іс-шара осындай форматта алғаш рет өткізіліп тұр. Әрине, өте қуанарлық нәрсе.  Жастар арасында патриоттық сезімді оятып, туған өлкесіне деген сүйіспеншілік тәрбиелеу өте маңызды. Біздің негізгі мақсатымызда осы».



Сонымен  қатар, «РИО» ойын- сауық орталығының  бірінші қабатында Ақмола облысының киелі объектілері жайлы ақпараттар ұсынылған жылжымалы көрме орналасты. Атап айтарлығы Ақмола облысынан «Қазақстанның  киелі 100 нысаны» тізіміне 10 жалпыұлттық және 33 өңірлік қасиетті нысандары еніп отыр. Жаңа технологиялар көмегімен Ақмола облысының киелі объектілер туралы ақпаратты цифрлайтын QR-код таныстырылып ұсынылды. Бүгінгі таңда бұл жоба Қазақстан Республикасының тек қана екі областарында – Павлодар және Ақмола облыстарында жүзеге асырылып отыр. Кез келген адам өзінің ұялы смартфонымен арнайы қосымша арқылы сол ескерткіш жайлы толық мағлұмат ала алады. Сонымен қатар, киелі нысандарды насихаттау, кеңінен тарату мақсатында Бурабай ауданында  4  көрсеткіш белгілермен билбордтар  дайындалып орнатылды.



Соңында, «Ескерткіш – көненің көзі, тарихтың өзі» атты «Life Patriotic Coaching» атты іс-шара қатысушылары өзара пікір алмасып, жаһандану ғасырында «түпкі тамырымыз» туралы мәселе, болашағымыз үшін өткенмен байланысымыз, ұлтымыздың мәдени «кодын» сақтап қалудағы ең өзекті мәселе болып қала бермек деген қорытындыға келді. Өйткені, ұлттық сана-сезім – ел азаматтарының – жеке тұлғаның сана-сезімдерінен құралады.



Коучинг қатысушыларының пікірінше, (бір мезгілде білім берумен қатар мотивация беру шиеленіскен жерде) осындай  форматта өткізілетін іс-шара Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын дамытуға, киелі  объектілер туралы білімдерін популиризациялауға мүмкіндік туғызады. Сондықтан, жас буын аталмыш іс-шараға Ақмола облысының қасиетті орындары жайлы білімдерін көрсетіп үлкен қызығушылықпен қатысты. 


ruh.kz
Көкшетау