24 Желтоқсан, 2019
Этика кодексі

Этика. Мәдениет деп алсақ та болады. Бағзыдағы рет, жөн-жоба, жол деген түсініктер де осы. Әрбір саланың, жүріс-тұрыстың, сөйлеудің, тыңдаудың, қараудың, бәрі-бәрінің өзіндік реті, яки этикасы бар. Пікір білдіру, шешім қабылдау, қоғам пікірін ескеру, әділдік, нақтылық, адалдық, кәсіби құндылық этикасы жайында сөз қозғап көрелік.


PRSA этика кодексі насихат, адалдық, ниеттестік, тәуелсіздік, және әділдік секілді кәсіби құндылықтарды қамтыған. Қашаннан. Кәсіби құндылық саналатын насихат ережесі, кез келген маман белгілі бір тұтынушы мен ұйымның атынан әрекет етсе де, қоғамның мүддесін бірінші орынға қою керектігіне үндейді. Адалдық ережесі партияның атынан әрекет ететін маман нақтылық пен шынайылықты назарда ұстауға міндетті дейді. Ниеттестік «қоғам мүддесін назарға ала отырып, тұтынушыға адал болу» қажеттілігін ескертеді. Әділдік ережесі бойынша маман барлық пікірлерді сыйлап, ой бостандығын қамтамасыз етуі керек.

Бұл жағдайда Миллер жұмыстағы насихат барысында әділдік пен шынайылықтың болуы керектігіне сенеді. Осы орайда ең қиын мәселе шынайылық турасы еді. Себебі Миллерге берілетін кей-кей тапсырмалар шынайылық пен әділдікті қажет етпейтін. Мүлдем қажет етпейтін. Бұл заңды да. Барлық дерлік істе, тапсырмада яки жұмыста әділдік пен нақтылық қатар жүре бермейді. Тіпті болмауы да мүмкін. 

22.jpg

Миллердің басындағы жағдай уақыт өте келе ушыға түседі. Себебі ол өзінің кондидатына және оның жағдайды оң жағына өзгерте аларына сенді. Кәміл сенді. Бұл кондидатты қолдау Миллер үшін қоғамдық мүддені ескерумен тең болды. Қоғамдық пікірді не өзгелердің мүддесін ескеру үшін өз мүддеңді назардан тыс қалдыру әділдік емес. Нақтылық жайы да осындай.

American Association of Political Consultans, AAPC Code of Professional Ethics

Сұлтан Мұстафин
Ruh.kz
Фото: ашық дереккөздерден