28 Сәуір, 2018
«Еуроодақ – Қазақстан: әріптестік пен ынтымақтастықтың 25 жылдығы» журналистер байқауы

Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен Қазмедиа Медиамектебімен бірлесе отырып, қазақстандық журналистерге арналған «Еуроодақ – Қазақстан: әріптестік пен ынтымақтастықтың 25 жылдығы» атты кәсіби халықаралық тағылымдамаға байқау жариялайды. Байқау Ақпарат толқыны бағыты аясында Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастарды кеңейтуге әрі нығайтуға, ашық диалог қалыптастыруға және Қазақстан медиа қауымдастығында Еуропалық Одақ туралы хабардарлықты жетілдіруге бағытталған. 


Байқау нәтижесінде ЕО институттары мен Брюссельде медиа пулды зерделеу үшін бір апталық таныстыру тағылымдамаға қатысуға 3 жеңімпаз іріктелетін болады. Сонымен қатар жеңімпаздар Еуропалық Комиссияның күнделікті брифингтеріне қатыса алады және ішінара ЕО институттарының жұмыс механизмдерімен танысады. Сондай-ақ жеңімпаздар 2018 жыл барысында Қазмедиа Медиамектебінің тренингтері мен семинарларына (Хабар Агенттігінің Шеберханасы жобасы) қатысу мүмкіндігін алады.

        Маңыздылығы: Тағылымдама қорытындылары бойынша қатысушыға ЕО Өкілдігінің, ҚР АКМ және Қазмедиа Медиамектебінің атынан ұсыныс хат және сертификат тапсырылатын болады.  

  

Конкурстық іріктеу кезеңдері: 

2018 жылғы 30 сәуірге дейін өтінімдерді қабылдау (өтінімді осы жерден жүктеп алуға болады). Талапкер толтырылған өтінімді бардық қосымша файлдармен және оған сілтемелермен қоса жолдайды.  

Білікті қазылар алқасы мен ұйымдастырушы комитеттің талапкерлерді анықтауы, тағылымдамаға қойылатын талаптарға сәйкес 2018 жылғы 18 мамырға дейін стипендияларды тағайындау.  

Жеңімпаздарды бекітілген бағдарлама бойынша 2018 жылғы маусымның аяғына дейін жіберу. Тағылымдаманың ұзақтығы жолды қоса есептегенде 1 апта.




        
  • Тағылымдама талапкерлерін іріктеу бойынша білікті қазылар алқасы:

  •     
  • Әжибаев Алан Ғазизұлы, ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі

  •     
  • Траян Христеа, Елші, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Басшысы    

  •     
  • Ерлік Қаражан, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директорының стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары 

  •     
  • Махаббат Есен, Медиамектеп директоры, журналист, теле-радио жүргізуші

  •     
  • Эльнара Байназарова, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Баспасөз хатшысы    



Анықтама 

2018 жылы 2 ақпанда Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатлығанына 25 жыл толды. Аталған ширек ғасыр барысында өзара ынтымақтастықтың берік негізі қаланды. Астанада, ЕО пен Қазақстан Республикасының арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісіміне (КӘЫК) 2015 жылдың 21 желтоқсанында қол қойылды. КӘЫК-нің негізгі бөлімдері 2016 жылдың 1 мамырынан бастап уақытша күшіне ене бастады. Келісім 29 саладағы ықпалдастық аясын кеңейтіп, ЕО пен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі, жұмыспен қамту, еңбек қатынастары, мәдениет, білім және ғылыми зерттеу салаларындағы ықпалдастыққа жол ашты. 1991-2014 жылдар аралығында ЕО Қазақстанда жалпы сомасы 180 млн құрайтын 350-ден астам жобаны тікелей қаржыландырды. Бұл жобалар ҚР Үкіметінің әр түрлі министрліктері, ведомстволары мен комитеттеріне саяси кеңес және техникалық көмекке бағытталды.   


ruh.kz