16 Қараша, 2020
Фотоға түсіруді үйрен (фотокурс)

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Мобильді фотосурет» курсында телефон камерасымен жұмыс істеу дағдыларын үйренуге бірегей мүмкіндігі туды. 

Практикалық курста сіз жаңа шығармашылық құралдар мен фотоөнер форматтары туралы білесіз, суреттерді кәсіби өңдеуді үйренесіз. 

Сіз түстерді сәйкестендіруді, жеке және кәсіби әлеуметтік желілердегі аккаунттар үшін сапалы визуалды мазмұнды құруды үйренесіз, кәсіби фотографтардың шығармашылық тобынан жеке ұсыныстар аласыз.

Курс қатысушыларының үздік жұмыстары Ruh.kz сайтында және әлеуметтік желідегі белсенді аккаунттарда жарияланады: www.instagram.com/kior.kz/, www.instagram.com/ruh_qz/, www.facebook.com/KIOR.KZ және www.facebook.com/ruhani.kz/

Өздігінен суретке түсіру дағдылары кімдерге аса маңызды?
- өз өнімдерінің сапалы суреттеріне қызығушылық танытқан онлайн-бизнес иелеріне; 
- кәсіби жетістікке жетудің құпияларын білетін жаңадан келген фотографтарға;
- жылы сәттерді және балаларды үй жағдайында фотоға түсіргісі келетін ата-аналарға;
- шығармашылық адамдарына және басқалардан дараланғысы келетін жандарға. 

Курстың бағдарламасымен танысып, өтінімді мына сілтеме бойынша беруге болады. 

Сұлтан Мұстафин
Ruh.kz