23 Наурыз, 2020
Головкин мен Канело үшінші жекпе-жек туралы келісті


Енді Канело мен Билли Джо Сондерс арасындағы кездесу қашан өтетіні мүлдем белгісіз болып қалды.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 2020 жылдың 12 қыркүйегінде өтеді.

The Athletic басылымының дерегінше, спортшылар ауызша келісімге келіп, тіпті гонорарлары туралы да келісіп қойған екен.

Бұл жекпе-жек «Эй-ти-энд-ти-стэдиум» аренасында өтуі бек мүмкін, Арлингтон, Техас штаты, АҚШ.

Головкин мен Канелоның алғашқы кездесуінде тең нәтиже тіркелді. Екінші жекпе-жекте ұпай санымен мексикалық боксшы жеңімпаз деп танылған.

2 мамырда Канело Билли Джо Сондерспен жұдырықтасуы тиіс еді, бірақ ол жекпе-жек кейінге қалдырылды.

madeniportal.kz