29 Шілде, 2020
Google компаниясы онлайн режимді 1 жылға ұзартты

Алпауыт Google компаниясының қызметкерлері 2021 жылдың шілде айына дейін қашықтан жұмыс істемек. 

Компания басшысы жуырда осындай шешім қабылдады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Google-дің АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан мен Бразилиядағы кеңселеріндегі шамамен 200 мыңға жуық қызметкері үйлерінде отырып жұмысын жалғастырады. Ал, эпидемиологиялық ахуал тұрақталған Австралия мен Грекиядағы кеңселер біртіндеп ашыла бастады. 

Ruh.kz
Фото: ашық дереккөздерден