25 Сәуір, 2018
Халықаралық «Алтын микрофон - 2018» әншілер байқауы

2018 жылғы 20-22 сәуірінде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламаның «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында Қостанай облысы әкімінің қолдауымен Халықаралық «Алтын микрофон - 2018» әншілер байқауы өтті.


 



Байқаудың ұйымдастырушылары - «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы»ММ және облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылық орталығы.

Байқауды өткізудегі мақсат – жас талантты әншілерді анықтау, оларды шығармашылық жағынан дамыту және қолдау көрсету, Қазақстан халықтарының рухани бірлігі идеясын, әлем халықтары достығын, халықаралық және мәдениаралық шығармашылық байланысты қалыптастыру, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру болып табылады.

Халықаралық «Алтын микрофон - 2018» әншілер байқауында Қазақстанның барлық өңірінен және әлемнің басқа мемлекеттерінен келген 7 мен 21 жас аралығындағы 67 әншілер ән айтудағы шеберліктерін көрсетті. Халықаралық «Алтын микрофон - 2018» әншілер байқауына қатысушылар географиясы: Болгария (Тырговиште қ.); Армения (Ереван қ.); Ресей  (Челябинск қ.); Қазақстан (Жамбыл облысы – Қордай с., Қостанай облысы, Алматы облысы – Алматы қ., Ақмола облысы – Астана қ.).

Халықаралық «Алтын микрофон - 2018» әншілер байқауы тарихында алғаш рет «Алау-ТВ» жергілікті телеарнасында және Қостанай кабель жүйелерінде, сонымен бірге YouTube каналдары ағымында және  Одноклассники, ВКонтакте, МойМир, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілімде өтті. Сондай ақ,  «ГОЛОС» және«X-FACTOR» сияқты ірі халықаралық тележобалардағыдай, әр лауреатпен сахнаға шығар алдындағы сұхбатын сахнаның екі жағынан орналастырылған LED-экрандар арқылы тікелей көрсетіп отырды.

Халықаралық  әншілер байқауының қазылар алқасы кәсіби әншілерден, белгілі музыканттардан және әлемнің түрлі елдерінің мәдениет және өнер қайраткерлері төрелік етті. 20-21 сәуірде 4 жас топтан тұратын Халықаралық байқаудың қатысушылары тыңдалды.

22 сәуірде Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның концерт залында байқаудың лауреаттарын марапаттаудың салтанатты рәсімі және Гала- концерті өтті.

Байқаудың барлық лауреаттары ұйымдастыру комитетінің дипломдармен, статуэткалармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осылайша, бірінші орын алған қатысушыларға ноутбук сыйға тартылды, екінші орынға – планшет, үшінші орынға - смартфон телефондар. Гран-при иесі Сабри Сесил Алпер 300 мың теңгеге сертификат алды.

Дәстүр бойынша Байқау Ұйымдастырушылары мен Қазылар алқасы үздік орындаушыларды Алматы қаласында өтетін «Бозторғай» Халықаралық балалар шығармашылық байқауына қатысуға ұсынады


ruh.kz
Динар Карымсакова