10 Қазан, 2017
И. Смирнова: Латын қарпіне көшу – алға қарай ілгерілеу

Латын қарпіне көшу – алға қарай ілгерілеу, деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова.



«Меніңше, бүгінгі таңда латын әліпбиін енгізу  қажет, себебі  Президент  елде болатын өзгерістерді атап өтті, ол өзгерістер барлық саланы қамтып отыр. Сондай-ақ, латын қарпі – жаңа бастама емес,  бұл өткенге оралу.  Латын әліпбиі білімді тәжірибеде қолдануға қайта қарауға мүмкіндік береді. Елбасының «Рухани жаңғыру»  мақаласы аясында прагматизм мен бәсекеге қабілеттілік қарастырылады, бұл орайда аз әріптен құралатын әліпбидің болуы алға ілгерілеу болып табылады. Көптеген елдер өз әліпбиіне реформа жасап  сирек кездесетін қаріптерді қолданыстан шығарып, әліпбиді тілге жеңіл етіп, тегістеді. Бұл орайда латын әліпбиі өте қолайлы болып отыр», - деді депутат.



http://ruh.kz/">Ruh.kz хабарлағандай,   Ирина Смирнова  қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі  кезеңдеп енгізілетінін жеткізді.



«Президенттің аталмыш мәселені жетілдіру шешімін қабылдағаны оңтайлы болды. Ол тілдің әуезділігін жоғалтпай, жеңіл әрі қолайлы етуге мүмкіндік береді. Сондықтан,  осы  ретте  асықпай жұмыс істеу керек. Тәуелсіздіктің  26 жылдығында  латын әліпбиіне көшу туралы айтылды. Аталмыш мәселе  қажырлы еңбекті қажет етеді. Әлемде тілдің түсініктілігін арттырып, тілімізді жетілдіре түседі деген ойдамын», - деді ол.





 


ruh.kz
parlam.kz