16 Қыркүйек, 2020
Із-түссіз кеткен жауынгердің сүйегі елге әкелінбек

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі 2020 жылдың қаңтар айында Ресей Федерациясы территориясында табылған қазақстандық солдат Қайларов Жағыпардың сүйегін елге әкелу рәсімін ұйымдастырды және олардың туыстарын тапты. Жауынгер осы күнге дейін соғыста із-түссіз кеткен болып есептелген. 

Сағат 17.00-де Жетіген ауылындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 65229 әскери бөлімінде (Іле ауданы, Алматы облысы) солдаттың сүйегін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтеді. Келесі күні (17 қыркүйек) сағат 09.00-де Жетіген ауылында (Іле ауданы, Алматы облысы) қаралы митинг ұйымдастырылып, батырды тиісті құрмет көрсетумен жерлеу рәсімі өтеді.

Жауынгердің сүйегі ағымдағы жылдың қаңтар айында Ресей Федерациясының Ленинград облысында «Искра» жасағының іздеушілерімен табылды. «Искра» іздеу жасағымен жасалған жазбаша келісімнің арқасында сүйегін Мәскеу қаласына әкелуге мүмкіндік туды. Ал Мәскеуден арнайы ұшақпен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді.

Қайдаров Жағыпар 1920 жылы Семей облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) дүниеге келген. 1941 жылдың қыркүйек айында майданда қаза болды. Соғыста қаза болған отандасымыз туралы хабар келген соң «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің өкілдері бірден туыстарын іздеу жұмыстарына кірісті. Солдаттың сүйегі соларға табысталады.

 16 қыркүйек күні сағат 11.00-де соғыста қаза болған екі солдаттың сүйегі Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайына әкелінді. Олар - Қайларов Жағыпар және Нұғұманов Азықан. Қайларов Жағыпардың сүйегі Жетіген ауылына (Іле ауданы, Алматы облысы) жіберілді. Нұғұманов Азықанның сүйегі Біржан сал ауданы әкімдігінің өкілдеріне салтанатты түрде жерлеу үшін беріледі (Ақмола облысы).

 Іс-шараға қатысу үшін аккредиттация қажет:

Тел.: +7 777 356 37 92 (тек БАҚ өкілдері үшін)

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі 2019 жылдың мамыр айында құрылған. Екінші дүниежүзілік соғыста із-түссіз кеткен қазақстанжық солдаттарды жүйелі түрде іздеумен айналысатын еліміздегі жалғыз ұйым. «Atamnyn Amanaty» алдына қойған мақсаттары: қазақстандық солдаттар жерленген жерлерді іздеу жұмыстарын ұйымдастыру; керекті құжаттарға аттарын жазып, аттарын мәңгі есте қалдыру; қоғамдағы азаматтық және патриоттық сананың деңгейін көтеру.

Соғыста із-түссіз кеткен жақындарыңыз болса, астында берілген байланыс телефондарына хабарлассаңыз болады:

+7 776 828 45 35

+7 776 828 45 34

Малика Галиева
Ruh.kz