29 Тамыз, 2019
«Jezkıik» деген не?

Сонда шараның атауын «Жезкиік» атау ұсынылады.

Кез-келген дүниенің ауқымдылығы, заманауилығы мен көлемі оның атауынан-ақ менмұндалап көрініп тұруы ләзім. Әсіресе адам қызушылығының аясы тым тарыла бастаған сәтте осыған назар аудару керек.

Google. Бұның не екенін осы күні білмейтін адам жоқ. Ал «BackRab» деген не? Бұл атауды біреу таныса, екінші біреу танымайды. BackRab – Google-дың алғашқы атауы. Осы атауға бола ма, жоқ жай ғана сәтті уақта аталғандықтан ба, немесе оңай жатталатын сөз болғандықтан ба белгісіз, бірақ «Google» деген атауды ала сала аталмыш компанияның табысы мен танымалдығы еселеп арта түсті.

Компанияның иелерінің бірі, Пейдж әуелі «googol – бірнеше нөлі бар бірлік» атауына көшуді ұсынады. Бірақ таңбалау кезінде кеткен қателердің салдарынан әлемдегі ең танымал іздеу жүйесі «Google» аталып кетеді.

«Ұлы Дала» атауы да осыған ұқсас. Мәні мен мағынасы бар сөз болғанымен бұл атау белгілі бір себептердің салдарынан көпшіліктің қызығушылығын оятпақ тұрмақ, күлкісін келтіреді. Өкінішті-ақ. Бірақ, өкінішті деп отыра бермей, межеленген жерге жетуіміз керек қой?!

Сарыарқаның саз саулаған сай-сайынан өнерпаздар жиылып, өнер тойын тойламақшы болады. «Ұлы Дала» деген сөздің нақ қолданылар жері. Бірақ, бастауыш сыныптардың диктант жазуы да осылай атала бастаған соң бұл атауға орала бермеген жөн. Сонда шараның атауын «Жезкиік» атау ұсынылады. (Ұсыныстың қашан және кімнің тарапынан танылғанын білмеймін. Ол туралы емес.)

«Жезкиік» – Ықылас Дүкенұлының «100 күй» топтамасына енген күйі. Күй автордың шығармашылығы шыңдалған шақта туса керек. Бұл бір.

Ықылас Дүкенұлы – Сарыарқаның өнердің иесін танып, киесін білген Жаңаарқа жерінің тумасы. Бұл екі.

Аталмыш шара Қарағанды облысында өткізілгелі отыр. Бұл үш. Неге «Жезкиік» атамасқа?! Не де болса өте ұтымды да тапқыр таңдау. Дәл осы атаумен аталмыш шара тек Қарағанды облысында ғана емес, күллі Қазақстанда жасалып жатса артық па?! Тамаша өнер туындысының тамаша өнер тойының атауы болғаны жарасымды емес пе?

Күйдің шығу тарихы

Жез киік – С. Сейфуллин жырлағандай, даланың сұлу аңы. Ол туралы аңыздар мен ертегілерді, уақиғалар мен әпсаналарды халық әлі күнге дейін айтысып келеді. Жез киік алтындай жалтылдап, күнге шағылысқан көркінің арқасында мергеннің көзін тайдырып, үнемі оқтан аман қалады екен. Кейін мергендер оны киелі жануар санап, атпайтын болған. Міне, осы сұлу аңға Ықылас Дүкенұлы«Жез киік» атты күй арнаған.  


 

Сұлтан Мұстафин
Ruh.kz
Ашық дерек көздерден