21 Қараша, 2017
Қадыр Мырза Әли: дала дидары

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында қала әкімдігі қолдауымен ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығын насихаттайтын, тамыры тереңнен тартылған, әр тасында тылсым тарих жатқан сұлу Жайықтың жағасынан киелі мекен Маңғыстауға рухани әдемі кеш қонақтары «Дала дидары» атты өнер ұжымы гастролдік сапарымен келді.





Орал жері қазақ халқының дара дарын ұлдары мен қыздарын түлетіп ұшырған қасиетті мекен. Мұнайлы өлкемізге «Дала дидары» келуі қала тұрғындары үшін үлкен құрмет болды, өйткені көшпелі ұжымның Маңғыстау облысына алғаш рет жол түсуі еді.  



Маңғыстау облысы әкімдігінен хабарлағандай, «Дала дидары» ұжымы концерттік бағдарламаны Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде қойды. Шараның шымылдығын белгілі әнші, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Дастан Есентеміровтың орындауындағы «Ақжайық» әніменен ашылды. Қадыр Мырза Әли атындағы орталық директоры, ақын Бауыржан Халиолла сөз сөйлеп, бастау алған жобаның мақсатын баяндады. Айтыскер ақын Айнабек Бисенғалиев жұртшылыққа жырын арнаса, әнші Ернар Өмірәлі «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыруды», «Інжу» тобы «Асыл әжемді»  өз биігінде әуендетті.  





«Бүгінде халқымыздың мақтанышына айналған, өткен ғасырдың дарабоз, классик ақындары Т.Жароков, Ж.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, сахна өнерінің хас шеберлері Роза Жаманова, Хадиша Бөкеева, әнші Ескендір Хасанғалиев, атақты суретші Сәкен Ғұмаров осы өлкенің түлектері. Қ.Мырзалиев қоры сыйлаған әдемі кештен рухани жақсы әсер алды. «Рухани жаңғыру» деген осы міне. Ақын Бауыржан Халиоллаға, шығармашылық ұжымға табыс тілейміз», - деді Мақсат Нұрлыбекұлы.


ruh.kz
МО ІСБ