21 Наурыз, 2020
Канн кинофестивалі коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды


Францияда мамырда өтетін әлемдегі ең беделді кинофестиваль кейінге қалдырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фестиваль маусымның соңына ауыстырылды. Ұйымдастырушылар толық шешімді Франциядағы және әлемдегі денсаулық сақтау жағдайы тұрақталғаннан кейін хабарлауға уәде етті. Бұл қадам коронавирус індетіне қарсы күресіп жатқан үкімет шараларының күшеюіне байланысты қабылданып отыр. Себебі, жұма күні 100 адамнан асатын шараларға тыйым салынды. Сейсенбі күні Франция Шенген аймағына кіруге тыйым салудың жалпы еуропалық жүйесіне қосылды. Еске салайық, бірнеше күн бұрын Нидерландтың Роттердам қаласында өтуі тиіс болған «Еуровидение» жыл сайынғы халықаралық конкурс тоқтатылғанын хабарлаған едік. Ұйымдастыру комитеті байқауды 2021 жылы Роттердамда өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

madeniportal.kz