16 Сәуір, 2018
Қарағанды қаласында зейнеткерлерге арналған «Кемеңгер» үйірмесі ашылды

Қарағанды қаласындағы балалар мен жасөспірімдер клубының негізінде «Кемеңгер» үйірмесі ашылды.                                 

 




Гүл өсіруді қолға алғысы келетіндер үшін бұл жерде барлық жағдай жасалған. Ұйымдастырушылардың мұнда үстел теннисін де ойнай алады. Зейнет жасындағы кез келген қарағандылық үшін бұл орталықтың әрдайым ашық.                                                   

Осы ретте балалар және жасөспірімдер клубының нұсқаушы-әдіскері Нәзира Баттина:                    

«Осындай үйірменің ашылғаны өте дұрыс болды. Енді зейнеткерлер бос уақыттарын осы жерде өткізеді. Оларға шахмат, дойбы, спорттың басқа да түрлері мен шұғылдануға толық жағдай жасалған. Бұл олар үшін жасалып жатқан қамқорлықтың нышаны деп білемін. Әрқашанда оларға қолдау көрсетуге әзірміз» – деді.                    

78 жастағы Төлеуқұл Садырбеков осы үйірме орналасқан үйдің тұрғыны. Ол мұндай жаңалыққа ерекше қуанып: «Мен тұратын үйде осындай үйірменің ашылып, жұмыс істей бастағанына қуаныштымын. Мұнда бәрі жақсы, өте қызықты. Біздің ауламызда зейнеткерлік жастағы көптеген адамдар тұрады. Біз осы жерге жиналып, бос уақтымызды тиімді өткіземіз, – деп ағынан жарылды.      

Сондай-ақ, мұндағы зейнеткерлер жастайынан жандарына серік еткен дойбы ойынын ерекше ықылыспен ойнайды.

 «Ақниет» балалар және жасөспірімдер клубында орналасқан. Қазір ондаған тұрғын жазылған.

Үйірме келісім бойынша әр сәрсенбі сайын жұмыс істейді. 



Біз Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" программасын жүзеге асыру барысында балаларды, жастарды тәрбиелеуге, оларға жетік білім беруге көп маңыз беріп жүрміз, бірақ осындай орталықтар, сонымен қатар біз зейнеткерлерімізді, ата- әжелеріміз шет қалдырмай жүргеніміздің дәлелі.  


ruh.kz
Қарағанды облысының ӨБҚ