6 Қараша, 2017
Қарағандыда ҚазКСРО халық әртісі Зәбира Жұбатованың есімі мәңгілікке сақталды

Қарағандыда ҚазКСРО халық әртісі Зәбира Жұбатова тұрған Әлиханов көшесі 38/2 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлады аймақ әкімдігі.



Әнші Қарағанды облысында алғашқылардың бірі болып ҚазКСРО халық әртісі атағына ие болған еді. Ол Қарағанды облыстық филармониясының бастауында болған.



«Мемориалдық тақтаның орнатылуы – болашақ ұрпақтарымыздың есінде біздің танымал жерлестеріміз туралы естелік қалдыру болып табылады. Біз еліміздің даңқын асқақтатып, халық шығармашылығын дамытқан жандарды білуіміз керек», - деді Мәдениет, мұрағат және құжаттар басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев тақтаның ашылу салтанатында.



айта кетер болсақ, Зәбира Жұбатова 1914-ші жылы Петропавлда дүниеге келген. 1932-ші жылы өзінің қызмет жолын Қарағанды радиокомитетінде бастаған – қазақ әндерін орындаушы хорда солист болған. Соңыра, 1947-ші жылы Қарағанды облыстық филармониясының солисті болып, онда зейнеткерлікке шфыққанша қызмет еткен. Халық әртісінің еңбек кітапшасында небарфы екі жазба ғана бар. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол майданда концерттік топтардың құрамында өнер көрсеткен.



Қариялар мен оның әріптестері әншінің табиғи ерекше дарыны туралы жақсы біледі. Оның дауысы керемет болатын – меццо-сопрано. Репертуарында 200-ден астам туындылар болды – халық, классикалық және қазіргі заманғы шығармалар.



Зәбира Жұбатованың жеке мұрағатында көптеген қазақ әндерінің қолжазбалары табылған: «Дайдидау», «Алқоңыр», «Бозжорға», «Айтым сәлем, Қаламқас», «Татьянаның хаты», «Шахтер әні» және т.б. Сонымен қатар өзінің қолжазба дәптерлерінде ол түрлі халықтардың әндерін жинаған – татар, армын, румын, польшалық, қытай және ұйғыр әндері.



Зәбира Жұбатова 1986-шы жылы өмірден өтті. Биылғы жылы ол 103-ке толушы еді. 



Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатында әртістің туған-туыстары, мәдениет және өнер қызметкерлері болды.


ruh.kz