12 Желтоқсан, 2017
Қарағандыда Сарыарқаның игілігі туралы фильмнің тұсауы кесілді

Қарағандыда «Қазақстан Киелі мекен Сарыарқа» фильмінің тұсаукесері өтті. Бұл фильм Қарағанды облысының киелі мекендер географиясы, тарихи, табиғи және мәдени есерткіштері, мұражайлар мен археологилық қазбалары туралы баяндайды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.


«Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде түсірілген Сарыарқа туралы, Қарағанды облысының киелі мекендері туралы фильм ол тек әсем кадрлардың жиынтығы ғана емес. Ол ойландыратын дүние. Осындай фильмдер бүкіл респубиликамыз бойынша түсірілетін болады, - деді Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл.



Деректі толық метражды фильм бес ай бойы Ақтоғай, Қарқаралы, Шет, Ұлытау аудандарында түсірілді. Түсірілім «Адамдардың елеулі жетістіктері» қоғамдық қорымен және Vega Invest Films Media Produсtion продюссерлік орталығымен «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының қолдауымен ұйымдастырылды.



Фильмде Сарыарқа бір жағынан ен даладағы шағын өзен мен көлдер, қайың тоғайлары мен қарағай ормандары, таулар мен ыстық құмы бар әсем мекен ретінде көрсетілген. Ал екінші қырынан фильм біздің облысымызды орталығы Қазақстанның кеншілер астанасы –Қарағанды болып табылатын өнеркәсіптік алпауыттар аймағы ретінде көрсеткен.



Автордар «Қазақстан Киелі мекен Сарыарқа» фильмі бес сериядан құралады деп жоспарлауда. Әзірге көрсетілімге бірінші бөлімі ғана дайын.




«Қарағанды облысының аумағында қызығушылық тудыратындай киелі мекендер өте көп, сондықтан біз түсірілімді осы жерден бастадық. Жергілікті халық әдетте әсем жерлерге жиі бара қоймайды. Сондықтан қарағандылықтар мен облыс тұрғындары үшін олардың аймақтарындағы көрнекті жерлер туралы бейнені тамашалау қызықты болады деп ойлаймыз. Өз Отаныңды біліп, жақсы көру керек», - дейді «Адамдардың елеулі жетістіктері» қоғамдық қорының президенті Зәуре Бейісова.




Қарағандыда өткен премьералық көрсетілім қайырымдылық шарасы болған. Жиналған қаражат ауыр дерттерге шалдыққан балаларды қолдау орталығына жіберіледі.




«Фильмнің премьерасы Қазақстан Тәуелсіздігі Күні қарсаңында ұйымдастырылды. Біздің облыс үшін ол өте маңызды. Ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, өз Отанын қадірлеу, дамуға бет бұру – дәл осыған Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғыру» мақаласында халқымызды шақырады, - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Қадиша Оспанова.



ruh.kz
ҚО ІСБ