8 Мамыр, 2018
Қарағандыда «Жеңіс! Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр!» көрмесі ашылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бүгін – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметі мен ел үшін көрметкен көзсіз ерліктерін еске алу мақсатында Қарағандыдағы облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Жеңіс! Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр!» көрмесі ашылды.


Негізінен көрмеде көрермендер назарына әлемдік атақты суретшілердің бейнелеу өнерінің түрлі жанрында салған таңғажайып туындылары ұсынылды. Атап айтқанда, суретшілердің көктем, достық, татулық пен ынтымақтастық, бейбітшілік пен махаббат, халықтың бақытқа деген талпынысы, және де Ұлы Жеңіске арналған картиналары елдіңелдің ерекше ықыласына ие болды.



Сонымен қатар, көрмеде қарағандылық және қазақстандық суретшілердің көркем және графикалық жұмыстары да орған. Сондықтан мұнда С.П.Глазковтың салған Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамыраевтың портретін, А.Хайдаровтың «Әлия» картинасын және тағы басқа да қылқалам шеберлерінің туындыларын тамашалауға болады. Көрме 13-ші мамырға дейін жалғасады. 



Бұл көрме 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан Қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні сынды үш бірдей мерекеге арналады.


ruh.kz
kargoo.gov.kz