8 Қыркүйек, 2017
Қарағандылықтар Сарыарқа тарихы жазылған 100-ден аса кітапты Астана оқырмандарына тарту етті

Сарыарқа тарихынан сыр шертетін жүзден астам кітапты қарағандылықтар ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына беріп, астаналық оқырмандарға сыйлық жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханада ЭКСПО-дағы Қарағанды облысының Мәдениет күндері шеңберінде жазушы, әдебиетшілермен және ғалымдармен кездесу өтті, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты. Бас қосуға қатысушылар дөңгелек үстел басында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуын, рухани мұраны танымал ету мәселелерін талқылады. Қарағандылықтар кітапханаға «Сарыарқа кітапханасы» 100 томдығын, Ә.Бөкейханның шығармалар жинағы 15 томдығын және «Қаз дауысты Қазыбек би» басылымының екі томдығын сыйлады.



https://baq.kz/storage/e3/e3cc32d2ba2a26d8cf5f23be30ff9112.jpg" style="height: 599px; width: 900px;" />



Кездесуде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев болды. Сонымен қатар ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ «Сарыарқа кітапханасы» антологиясына еңбектері енген авторлар қатысты.



– Елбасының бастамасымен бастау алған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғамдың сананы жаңғырту, рухани жанданудың платформасы болып табылады. Бізге ең алдымен жастарды тәрбиелеу жүйесін анықтап алу қажет. Бұл ретте ұлы қазақ ағартушылары мен қайраткерлерінің еңбектеріне баға жетпес. Олардың қатарында Қазыбек би, Әлихан Бөкейханов бар. Біз Сарыарқа жерінде дүниеге келген тарихи тұлғалардың есімдерін құрметтейміз, - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.



Аймақ басшысы Қарағанды облысында ғұлама, қоғамдық және мемлекеттік қайраткер Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығы кеңінен атап өтіліп жатқанын тілге тиек етті. Салтанатты шаралар оның туған жерінде – Қарқаралы ауданындағы Егіндібұлақ кентінде өтті.



https://baq.kz/storage/d6/d6549c6595a4e0a9729c8faadb2f8f0e.jpg" style="height: 600px; width: 900px;" />



– Бұл мерекеге біз басқа аймақтардан қонақтарды шақырдық. Мерейтойға орай барлық естелік орындарды аралап шығатын автокеруен ұйымдастырылды. Халықаралық автокеруенге қатысушылар ежелгі қала Түркістанда болып, онда Қожа Ахмет Яссауидің кесенесінде жерленген Қазыбек бидің орнын көріп қайтты. Айта кететіні, бұл акция жастардың бастамасымен ұйымдастырылды, - деді Ерлан Қошанов.



Аймақ басшысы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшылығына кітаптар табыс етті.



«Сарыарқа кітапханасы» бірегей сериясы Қарағанды облыстық әкімдлігінің қолдауымен «Рухани мұра» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде басып шығарылған. Анталогияның ішінде 352 автордың туындылары жиналған – Бұқар Жырау, Қаз дауысты Қазыбек биден бастап қазіргі заманғы жазушылардың шығармалары бар. Әрбір том 800 дана көлемінде басып шығарылған.



https://baq.kz/storage/6d/6dc1cbd4cb0bf2387f1b8a05f17b710e.jpg" style="height: 599px; width: 900px;" />



15 томнан құралған Әлихан Бөкейханның шығармалар жинағы бүгінгі таңда ең ауқымды болып табылады. Осыған дейін 9 том жарияланған болатын. Өткен жылы ұлы қазақ тұлғасы және публицисттің 150 жылдық мерейтойына орай жаңа жинақ басылды.



«Қаз дауысты Қазыбек би» екі томдығы 2017-ші жылы мерейтой қарсаңында басылып шығарылды. Бірінші томға мерзімдік басылымдар, мұрағат құжаттары, ғылыми-зерттеу жұмыстарынан материалдар енгізілді. Ал екінші томда тарихшы ғалым Жамбыл Артықбаевтың Қазыбек би туралы монографиясы жазылған.



– Біздің кітап қорымыз рухани мұра топтамасының бағалы басылымдарымен толықты. Бұл Сарыарқа мәдениеті мен тарихын кеңге жаю үшін ауқымды мүмкіндік береді. Бұл сыйлық бізге жастармен жұмыс істеуге, оларды рухани және тарихи мұраға баулуда үлкен септігін тигізері анық, - деп баға берді сыйлықтарға ҚР Ұлттық академиялық кітапхана директоры Үмітқан Мұғалбаева.



Алғыс ретінде Ерлан Қошановқа Ұлттық академиялық кітапхананың оқырман билеті табыс етілді.



Кездесу барысында «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде Қарағанды облысында киелі жердерге экспедиция жасап, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлерінің съезін ұйымдастыру ұсынылды. Аймақ басшысына бұл ой ұнады. ол осы мәселені көп кешіктірмей шешуге уәде берді.



Кездесуге қатысушылар Астанадағы ЭКСПО халықаралық көрмесінің өткізілуін де назардан тыс қалдырмады.



- Көптеген сұрақтар болды, басында ЭКСПО идеясын түсінбегендер көп болды. Қазір, көрменің жабылуына санаулы күндер қалғанда біз қорытындылар жасап жатырмыз, мүмкін ол қазақстандықтар үшін де, басқа халықтар үшін де қуатты ауызбірлік рөлін атқарған болған, - деп есептейді академик, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есім. – Көптеген елдер қатысты, өздерінің павильондарында олар барлық жақсыларын көрсетті.



 


Baq.kz