27 Қараша, 2017
Қариялар, таусылмас – дариялар

ОҚО Арыс қаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Қазыналы қария» атты батагөй қариялар мен ел ағалары арасындағы сайыс өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 


Сонымен, батагөй қариялар «Бата беру», «Өнер байқауы», «Мақал-мәтел», «Өнегелі-өсиет сөздер айту» кезеңдері бойынша сынға түсті.




«Бұл байқау көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата - баба аманатына адал, ұлттық тәлім - тәрбиені бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткізіліп отыр. Барша қатысушыларды бүгінгі жеңісімен құттықтап, болашақта үлкен жетістіктеріне жетуіне тілектестік білдіремін», -  деді «Ақ әжелер» алқасының төрайымы Өрікгүл Елубаева.




Байқаудың талаптары бойынша қала, ауыл округтерінен 55- 60 жастан асқан ақсақалдар мен ел ағалары қатысып, қазылар алқасының қортындысы бойынша I-орынды Ақдала ауыл округінен келген Балғынбай Пердебек, II-орын Самархан Байдәулетов пен Жаңабай Еркеев ардагерлер ұйымынан, III-орынды Дермене ауыл округінен қатысқан Мұрат Нұртанов пен Арыс қаласынан Тыныштық Карбозовтар иеленді. 


ruh.kz
ОҚО ІСБ