20 Сәуір, 2018
«Қасиетті Қазақтан және археология» экспозициясы ашылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.


Соның дәлелі ретінде, 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай аудандық тарихи-өлкетану музейінде Жалағаш ауданынан жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енгізілген 2 тарихи және мәдени ескерткіштерін, өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген 3 ескерткіш туралы материалдарды қамтитын «Қасиетті Қазақстан және археология» экспозициясының ашылу салтанаты болып өтті.



Шараға облыс пен аудан көлеміндегі тарихтың этнография және археология саласында аянбай тер төгіп жүрген ғалымдар қатысты. Олар мұндай маңызы зор жаңалықтардың қатары көбейе берсін деп тілек тілесті.  


ruh.kz
Жалағаш ақпарат