20 Наурыз 2019 Ruh.kz 178

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ елінің жаңа Президенті

 | RUH.kz Фото: Ғаламтор желісінен

Н.Назарбаев 19-наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттілігін тоқтату туралы мәлімдемесін жария етті. 


Мәлімедеме «Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі алдағы міндетім – басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету. Олар елімізді жаңғырту процестерін жалғастыратын болады. Қазақстандағы билік сабақтастығы конституциялық тұрғыдан реттелген. Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін Сенат төрағасына беріледі. Содан кейін жаңа Президент сайлауы болады.



  Қазір Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Оны сіздер жақсы білесіздер. Ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі, ғылым докторы. Ағылшын және қытай тілдерін еркін меңгерген. Басшылық лауазымдарда қызмет етіп, мол тәжірибе жинады. Еліміздің сыртқы саясатының қалыптасу жылдарында Сыртқы істер министрі, Премьер-Министрдің орынбасары және Премьер-Министр, Сенат Төрағасы болды. Елімізді, оның экономикасы мен саясатын жетік біледі.



Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Бұл – оның дипломат ретінде сіңірген еңбегінің және Қазақстанға деген зор сенімнің жемісі.



Ол Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеп келеді. Мен оны жақсы білемін. Ол – адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат. Еліміздің ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты сезінеді. Ол барлық бағдарламаларды әзірлеуге және қабылдауға атсалысты.



Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат деп сенемін» деп атап өтті. Расымен, Қ. Тоқаев – мемлекеттік билік институтында ысылған, түрлі дипломатиялық жолдан өткен, халықаралық дәрежедегі ірі саяси қайраткер. Елбасы Н. Назарбаевтың үзеңгілесі болып, Тәуелсіз Қазақ елінің уығын көтеріп, шаңырағын құрысқан құранды ер. Беделі зор БҰҰ-да басшылық қызмет еткен, әлемдік һәм халықаралық саяси қатынастарда өз сөзін өткізе алған Азамат. Бітімгер. Білігі де, білімі қарымды. Арынды.



 Қазақстан Республикасының Ата заңына сай билік тізгінін қолына алған Қасым-Жомарт Кемелұлы ендігі де саясаттағы ұстазы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімін ақтап, оның қайраткерлік, пассионарлық ісін жалғастырып, еліміздің терезесін әлемнің озық елдерімен теңестіреді деп ойлаймыз.





  Қазақстанның су жаңа Президенті ретінде қызметін бастаған Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Жарлығында ҚР Тұңғыш Президентінің мемлекет алдында атқарған ісін, қызметі мен саяси бастамаларына құрмет танытып, еліміздегі ең жоғары наградамен марапаттады. Сондай-ақ, облыстар мен аймақтардағы орталық көшелерге Тұңғыш Президенттің есімін беру туралы ұсыныс тастады.



Бибігүл Бөкенбайқызы, Ruh.kz


Достарыңызбен бөлісіңіз

Басқа жаңалықтар

21 Шілде, 2019

МӘСКЕУДЕ КӨЗ ЖҰМҒАН ҚАЗАҚ ДҮЛДҮЛДЕРІ

21 Шілде, 2019

ШЫҒЫСТАҒЫ КИЕЛІ ЖЕРЛЕР КАРТАСЫНА ҚАЙ ОРЫНДАР КІРЕДІ?

20 Шілде, 2019

НЬЮТОННЫҢ БАСЫНА ТҮСКЕН АЛМАНЫҢ ТҮП ОТАНЫ ҚАЗАҚСТАН ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?

20 Шілде, 2019

ХХ ҒАСЫРДАН БЕРІ МЕМЛЕКЕТ ҚОРҒАУЫНДАҒЫ ҒИМАРАТ